Орта Азия елі сиқырлық пен балгерлікке қылмыстық жауапкершілік енгізді
Орта Азия елі сиқырлық пен балгерлікке қылмыстық жауапкершілік енгізді
1 ай бұрын 795 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тәжікстанның қылмыстық кодексіне сиқырлықпен және балгерлікпен айналысқны үшін бап енгізілді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған ел парламентінің «Садои мардум» ресми басылымына жөн сілтеген centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған бап («Сиқырлықпен және балгерлікпен айналсқаны үшін» - 240-шы бап) бойынша қылмыстық жауапкершілік бір жыл ішінде екінші рет қайталанған жағдайда қолданылады. Яғни, алғашында әкімшілік жаза қарастырылады. Оның өзінде айыппұл мөлшері бұрынғысына қарағанда анағұрлым өскен – 660 доллар (бұрын 330 доллар болатын). Қайталанған жағдайда заң бұзушының үстінен қылмыстық іс қозғалады. Дегенмен заңнан аттағандарға нақты қандай жаза қолданылатыны айттылмаған. Осы орайда тәжік билігі осы жылды сиқырлықпен күресу жылы деп жариялағанын айта кетпекпіз. Осы жылдың сәуір айында аталған елдің ішкі істер министрлігі балгерлер мен сиқыршылар заңғы қайшы әрекетімен көзге түссе, 6 айға дейін мәжбүрлі жұмысқа жегілетінін ескерткен болатын. Тәжік билігінің мұндай қадамға баруына «кейбір ырымшыл жандардың санасының төмендігінен арсыз азаматтар тарапынан қиянат көруі» себеп болған. Осыған байланысты Тәжікстан азаматтары алаяқтардың құрбанына айналуда.

0 пікір
Мұрағат