|
Қан кетуін тоқтатын нано-дәке жасалды
|
Иран мамандары қан кетуді тоқтата алатын өзгеше нано-дәке ойлап тапты. Аталмыш дәкені хирургтер мен ортопед мамандары, сондай-ақ, жедел жәрдем мен шұғыл медициналық көмек көрсететін мамандар пайдаланатын болады. Биотехнологиялық ноу-хау көмегімен жасалған дәке үшін қанның кетуін тиімді жолмен тоқтататын пептидтік наноталшық пайдаланылды. Бұл биологиялық сыйымдылығы (ұштасуы) өте жоғары гемостазға (қанның кетуін тоқтататын) бейім өнімнің пайда болуына түрткі болды. Бұл жайында парсылардың irna.ir ақпарат көзі осы бағытта зерттеу жүргізген ғалымдар тобына жетекшілік еткен Тайып Зұхрабқа сілтеме жасай отырып хабарлады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)