|
Достары көп адамның жалғызсырау себептерінің бірі айтылды
|
Стояна Нацева есімді ресейлік психолог әлеуметтік қатынастар саны адамды кейде жалғыздық сезімінен арашалап қала алмайтынын түсіндірді. Бұл жайында islam.kz порталы Lenta.ru ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, достардың көптігі де жалғыздықтан құтқаруға кепіл бола алмайды. Адамдар арасындағы жалғыздықтың бір себебі - өзін айналасына барынша жақсы жағынан, яғни, мінсіз етіп көрсетуде жатыр. Ал өзінің кем-кетігі мен осал жақтарын жасырған сайын адамдармен шынайы қатынас жасауын қиындатады. Тіпті, ол достарының арасында жарқырап жүрсе де оңаша қалғанда сырласатын адам таппауы мүмкін. Көмек сұраудан да қысылуы мүмкін. Эмоциялық жақындықты сезінбеген соң адам түбінде күйзеліске де бой алдыруы ықтимал.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
■
Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады
■
ДНҚ-ны онкологиялық мутациялардан қорғаудың жасырын тетігі табылды