Организмдегі пайдалы генетикалық конструкцияны анықтайтын технология пайда болды
Организмдегі пайдалы генетикалық конструкцияны анықтайтын технология пайда болды
1 ай бұрын 428 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Солтүстік-батыс (Northwestern University) Джошуа Леонард университетінің синтетикалық биология мамандары жасуша инженериясы үшін аса күрделі генетикалық схеманы құру процесін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Advances мерзімді басылымы мен осы жаңалық турасында хабар таратқан advances.sciencemag.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы тұста мынаны айта кетпеске болмайды: бүгінгі таңда медицинадағы келешегінен үміт күттірген бағыттардың біріне тірі жасушаны терапияда пайдалану тәдірибесі жатады. Мәселен, мұндай тәсіл қатерлі ісікті емдеуде қолданылып, нәтижесінде обыр дертіне шалдыққан науқастардың дені айықпа ауруынан құлан таза жазылып кеткен болатын. Бұл синтетикалық биологияның – биология мен инженерия құралдарының комбинациясы мен концепциясынан тұратын, яғни, аталған екі саланың құралдары мен әлеуетін ұштастырған саланың арқасында мүмкін болған. Жоғарыда аталған жоғарғы оқу орны ғалымдары ойлап тапқан аталмыш технология пайдалы генетикалық конструкцияны тиімді жолмен анықтап, артынан оны зертханада жасау үшін компьютерлік моделдеу тәсілін пайдаланады. «Жасушаны конструкциялау үшін біз алдымен ДНҚ фрагментіндегі қажетті биологиялық функцияны кодтаймыз. Содан соң бұл программа, мәселен, жасушада белгілі бір сигналға жауап беретіндей деңгейде генді белсендіру үшін адам жасушасына жеткізіледі»,- деп түсіндірді осынау зерттеуге атсалысқан ғалымдардың бірі. Басқа синтетикалық биология технологиялары сияқты бұл тәсілдің басты ерекшелігі сонда, оны басқа биоинженер топтарының қолдануына да арналған. Бүгінде генетикалық программаны әзірлеу барысында түрлі қателіктер орын алып жатады әрі көп уақытты алады. Ғалымдар генетикалық бөліктің «құрал-аспаптарын» пайдаланып, бұл бөліктерді тәжірибе жүргізер алдында көптеген әлеуеті жоғары генетикалық программаларды моделдеу үшін есептеу құралдарымен байланыстырады. Әрбіреуі адам жасушасында қажетті әрі пайдалы функцияны орындайтын генетикалық программалардың кең спектрі өз кезегінде ғалымдар ұйғарғандай конструкциялануы мүмкін. Бұл зерттеуде әзірленген әрі жүзеге асырылған генетикалық схемалар күрделі сипатқа ие – бұл зерттеу өз кезегінде терапияны әлдеқайда қауіпсіз әрі тиімді ететін және күрделі функцияларды атқаратын жасушаларды жасауға мүмкіндік бермек.

0 пікір
Мұрағат