Ғалымдар наноалмасты жасуша ішіне енгізді. Не үшін?
Ғалымдар наноалмасты жасуша ішіне енгізді. Не үшін?
1 ай бұрын 345 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Швециядағы Лунд университетінің  физиктері наноалмастарды жасуша ішіне енгізе алды. Неге? Наноалмас аса қуатты жарық шашады, ал бұл жайт өз кезегінде ғалымдарға жасуша ішіндегі қайнаған өмірді ұзақ уақыт бойы қадағалауына мүмкіндік бермек. Яғни, алмастың осынау ерекшелігі жасуша ішінде жарық түсіретін «шам» рөлін атқармақ. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Былайға жұрт алмасты көз жауын алатын әдемілігі үшін құнды деп тапса, ғалымдар оны люминесцтік өзгешелігі үшін бағалайды. Ең қызығы, алмасты жасуша жатырқамаған, яғни, биологиялық жағынан сыйымды болып шыққан. Аталмыш жоғарғы оқу орнының қатты дене физикасын зерттеумен айналысатын Эльке Хебиш профессор Кристель Принцпен флуоресцентті нанокөлемдегі алмасты тірі жасушаға енгізе алған. Бұл жайт өз кезегінде жасуша туралы ғылымды одан ары тереңдетуге мүмкіндік бермек. Дәлірегі, сау жасушадан ауру жасушаның ажыратуға әрі жасуша ішіндегі ақуыздарды зерделеуге көмектеседі. Бұл өз кезегінде аурудың табиғатын тереңірек тануға әрі ем-домның жаңа тәсілдерінің пайда болуына жол ашпақ.

0 пікір
Мұрағат