Ластанған ауаны балықтар жеміне айналдырмақ
Ластанған ауаны балықтар жеміне айналдырмақ
2 ай бұрын 534 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияда биоэнергетикалық станса көміртекпен ластанған ауаны балықтарға арналған экологиялық жағынан таза емге айналдырады. Бұл жайында islam.kz порталы Forbes ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өнеркәсіптен атмосфераға бөлінген CO2-ні сапасы жоғары баламалы ақуызға айналдыратын микроорганизмдер көмегімен жүзеге асырылатын аталмыш технологияны Drax энергия компаниясы Deep Branch стартапымен бірігіп қолданысқа енгізеді. Аталған технология бойынша алынған өнім жануарларға арналған балық ұны немесе соя секілді жемді алмастырып, көміртек өндірісінің кезеңін тұйықтайтын болады, яғни, көміртектің ақырғы цикліне айналады. Бұл инновациялық тәсілді жыл аяғына таман Drax электр стансасындағы көміртек аулайтын Mitsubishi Heavy Industries қондырғысында жиналған көміртекке қолданылып көреді. Осы орайда халықаралық энергетикалық агенттіктің таяуда жарияланған, таза энергия көздеріне көшу туралы есебінде айтылғандай, бүгінде көміртек қалдығын аулап, жинайтын технологияның маңыздылығы мен тиімділігі жөнінде сөз болған. Аталмыш ұйым өкілдерінің пікірінше, Ұлыбританиядағы Drax пен Deep Branch-тың бірігіп әзірлеген бұл тараптағы технологиясы елді жыл сайын миллиондаған тонна көміртек қалдығынан тазартып, 2050 ылға дейін елді көміртектен ада елге айналдырады.

0 пікір
Мұрағат