Иранның құпия құжаты батыс елдерін шулатып жатыр (видео)
Иранның құпия құжаты батыс елдерін шулатып жатыр (видео)
2 ай бұрын 1267 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Батыстық бұқаралық ақпарат құралдары әшкере болған Иранның ықтимал кибершабуылы туралы құпия файлдарына байланысты ұлардай шулап жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Sky News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, шиғалар елі кибершабуылдың көмегімен жүк кемелерін суға батыру, жанармай-жағармай бекеттерін жарып жіберу, т.б. жоспары қолды болған. Британияның жаңалықтар агенттігінде скриншоты жарияланған файлдарда кибершабуыл жоспары көрсетілген. Бұдан бөлек, аталмыш жоспарда халықаралық кеме жолдарында пайдаланылатын спутниктік байланыс құрылғысы туралы, т.б. компьютерлік жүйелер туралы деректер қамтылған. Ұзын саны 57 беттен тұратын 5 құжаттың төртеуі шамамен өткен жылы жазылған: Израил, АҚШ, Ұлыбритания және Франция секілді елдерге кибершабуыл жасалуы мүмкін екені көрсетілген. «Оны «Шаһид Кауе» деген атпен ислам революциясы сақшысы корпусының киберқолбасшылығының құпия шабуыл жасаушы бөлімшесі жазған»,- деп айтылған қауіпсіздік жүйесіндегі беймәлім дерек көзіне сілтеме жасалған есепте. Десе құжаттың қаншалықты шындыққа жанасымды екені толық расталған емес. Дегенмен құжатты «13 барлаушы тобы» жазуы мүмкін екені айтылған: әрбір құжат Иран аятолласы Әлі Хаменейдің «Иран ислам республикасы киберкеңістік саласы бойынша әлемде ең құдыретті елге айналуы тиіс» деген сөзімен басталған. 

0 пікір
Мұрағат