Болашақта пайда болатын емі жоқ аурудың белгісі аталды
Болашақта пайда болатын емі жоқ аурудың белгісі аталды
3 жыл бұрын 6869 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Күндізгіге қарағанда түнде қан қысымы көтерілетін егде жастағы адамдардың емі жоқ әрі алжудың өлімге апарар түрі – Альцгеймер ауруына ұшырау ықтималдығы басым. Бұл бағытта арнайы зерттеу мен тәжірибе жүргізген швед ғалымдарының тұжырымы осындай. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Hypertension мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күндізгі және түнгі систолилік қан қысымы (жүрек қан тамырларына әсер ететін қан қысымы) көрсеткіші арасындағы арақатынастағы айырмашылық ақыл-естің кемуін де қамтитын болашақтағы денсаулыққа төнген қауіптің алдын ала хабаршысы болуы мүмкін. Сау адамдардың қан қысымы түнде төмендейді – 10-12 пайызға. Ал 10 пайызға жетпей төмендесе, дәрігерлердің айтуынша, бұл қатерлі белгі – жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі ақауға меңзеуі мүмкін. Түнде қан қысымының төмен түскені ғана емес, жоғарылағаны да жақсылықтың нышаны емес. Ғалымдар бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізіп, жасы 60-тан асқан мыңдаған швед қарияларының денсаулығын 24 сағат бойы қадағалаған екен. Тәулік бойы жүргізілген қан қысымының амбулаторлық мониторингі орташа есеппен алғанда  71 әне 77,6 жастағыларға өткізілді. Деменция дерті (алжу) пациенттердің ауру тарихына қарап анықталды және тәжірибелі екі гериатр растады. Күндізгі дәне түнгі систолилік қан қысымы арақатынасының жоғары көрсеткішке ие болуы деменция дертіне шалдығу қатерін 1,64 есеге және Альцгеймер ауруының қатерін 1,67 есеге арттырған.

0 пікір
Мұрағат