Адамзаттың 20%-да бір ген бар...
Адамзаттың 20%-да бір ген бар...
3 жыл бұрын 2011 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлем тұрғындарының әрбір бесіншісінің бұлшық етінде α-актинин-3 деп аталатын ақуыз тапшы. Спортшылардың көбісі аталған ақуызға анализ тапсырып жатады – оның бары мен жоғы адамның қай спортқа бейімділігін танытады. Швециядағы Каролин интитуты ғалымдарының бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсетіп бергендей, α-актинин-3 ақуызы төтенше суыққа төтерп беруге көмектесетін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedaily.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қаңқа бұлшық еті тез жиырылатын, тез шаршайтын (ақ) талшықтан және баяу шаршайтын, баяу жиырылатын (қызыл) талшықтан тұрады. Біз сөз етіп отырған, тек ақ талшықта ғана кездесетін α-актинин-3 ақуызы оны кодтайтын гендегі мутацияға байланысты адамзаттың 20%-да (яғни, 1,5 млрд адамда) жоқ. Мұндай мутация адамдардың жылы жақтан суық өлкеге, дәлірегі, Африка құрлығынан солтүстікке қарай қоныс аударуы нәтижесінде орын алған. Ғалымдардың топшылауынша, α-актинина-3 ақуызы жоқ адамдар жылуды жақсы ұстап, суыққа төзімді келеді. Бұл тарапта жүргізілген тәірибеге өз еркімен 42 адам қатысқан екен. Олардың барлығы 18-40 жас аралығындағы тепсе темір үзетін жігіттер болатын. Олар - 14°C суық суда отыруы тиіс – дене температурасы 35,5°C-қа түскенше. Ғалымдар суық суда отырған олардың бұлшық еттерінің электрлік белсенділігін электромиография көмегімен өлшеп, ақуыз бен талшық құрамын зерттеу үшін бұлшық еттерінің биопсиясын алды. Нәтижесінде α-актинина-3 ақуызы жоқ адамдардың қаңқа бұлшық етінде қызыл талшықтың үлесі көп екені белгілі болды. Суық түскенде мұндай адамдар өз денесінің жылуын тиімді ұстай алатын болып шықты. Тез шаршайтын (бұл өз кезегінде қалтырауға әкелетін) ақ талшықты белсендіру орнына организмде ұзағырақ жұмыс істейтін, сол себепті, жылуды ұзағырақ бөлетін қызыл талшыққа басымдық берілген. Ғалымдардың бұл теориясы әлі «шалажансар», өйткені, тірі адамдардың мұндай тетігін зерделеуде тәжірибедегі жануарлар мен жасушаларды осы мақсатта зерделеу кезіндегідей әрбір деталға мән берудің қиындығын алға тартып отыр. Бұған қоса, бұл зерделенген физиологиялық тетік молекулярлық деңгейде тәжірибемен әлі расталған жоқ. Жоғарыда айтылған қиындыққа байланысты.

0 пікір
Мұрағат