|
Бір ота кезінде тұңғыш рет 4 ағза қондырылды
|
Еуропада тұңғыш рет – Итлаияның Турин қаласында пышаққа түскен пациентке бір ота кезінде бір емес, екі емес, бақандай төрт ағзасы ауыстырылды: екі көпесі, бауыры және ұйқы безі. Rai News 24 телеарнасының таратқан хабарына қарағанда, Бари қаласының 47 жастағы тұрғынының тек өкпесін ғана ауыстырмақ болған. Алайда, ота кезінде науқастың бауыры да іруге шақ қалғанын байқаған дәрігерлер ұйқы безімен қосып бауырын да алмастырған. Дәрігерлердің екі бригадасы кезектесіп жұмылған бұл ота табаны күректей 15 сағатқа созылған. Қазіргі уақытта пациент жансақтау бөлімінде жатыр. Әбден есін жиған соң оны қарқынды ем алатын бөлімге ауыстырады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады