|
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
|
Қытайдың Aridge компаниясы нарыққа дербес пайдалануға арналған Land Aircraft Carrier ұшу аппаратын шығаруға дайындалып жатыр. Бұл мүмкіндігі көп көлік құралын кәдімгі авокөлік ретінде пайдалануға болады, ал қажет болған жағдайда екі орынды әуе кемесіне айналдыруға болады. Бұл жайында islam.kz порталы RUSSIAN EMIRATES ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Модел Дубайда өткен XPENG Dubai Brand Night іс-шарасында жұртшылық назарына. Ерекше автокөлік екі модулден тұрады: алты дөңгелекті автокөлік және оның артқы бөлігінде орналасқан тігінен ұшып көтерілетін және қонатын электрлік ұшу аппараты (eVTOL). Иесі арнайы бөлінген алаңға барып, әуе модулін бөліп, ұшуға пайдалана алады. Ажырату және кейіннен қосу процесі автоматтандырылған және түймешікті бір рет басу арқылы іске қосылады. Ұшу аппаратын автокөлікке қайтару немесе айналдыру процесі төрт-бес минутқа жуық уақытты алады. Коммерциялық жүк немесе жолаушы тасымалдауға арналған электр аэротакстерінен айырмашылығы - Land Aircraft Carrier адамдардың өзі пайдалануы үшін құрастырылған. Әуе модулін автокөліктің ішінде сақтауға болады, сондықтан иесіне ангарда немесе әуежай аумағында жеке орын қажет болмайды. Аталмыш компания қазірдің өзінде бүкіл әлем бойынша 7 мыңға жуық алдын ала тапсырыс алды, оның шамамен 600-ы Парсы шығанағы елдерінен. Бұл ретте автокөлікті сатып алып, жекеменшік ққұралына айналдырған иесі ұшу орнын және уақытын өз бетінше таңдай алмайды. Алдымен Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктерінде сертификаттаудан өту тиіс. Ұшу және қону орындары да авиациялық ережелермен және жергiлiктi билiк орындарының шешiмдерiмен айқындалатын болады.