ДНҚ-ны онкологиялық мутациялардан қорғаудың жасырын тетігі табылды
ДНҚ-ны онкологиялық мутациялардан қорғаудың жасырын тетігі табылды
1 сағат бұрын 123 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардан жасақталған халықаралық топ молекулалық зәкір қызметін атқара отырып, жасушының бөліну процесінде ДНҚ құрылымын салдары ауыр қателіктен қорғайтын когезин ақуызының қорғаушы функциясын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature ғылыми, танымдық, мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Цюрих университетіне (Швейцарияның маңдайалды жоғарғы оқу орны) қарасты обырды молекулалық тұрғыдан зерттеу институтының ғалымдары Испанияның ұлттық онкологиялық зерттеу орталығымен бірлесіп жасушалардың бөліну кезіндегі геномның қорғану тетігін анықтады. Миллиардтаған химиялық элементтерді көшіру процесінде молекулалық машина үнемі ақауларға ұшырайды. Бұл тараптағы зерттеу авторлары нақ осы когезин ақуызының ДНҚ-ның жаңа жіптерін шұғыл түрде қайта ұйымдастырып, репликативті айыр деп аталатын құбылысты тұрақтандыратынын анықтады. Бұл тетік болмаса, жасушалық көшіру механизмі бірден бұзылады. Когезин функциясын тереңірек зерделеу онкологтарға қатерлі ісіктің бірнеше агрессивті түрлерінің пайда болу табиғатын бірден қайта ойластыруға мүмкіндік береді. Аталмыш ақуыздың гендеріндегі мутацияларды дәрігерлер Юинг саркомасы, қуық обыры және миелолейкоздың кейбір түрлері бар пациенттерден табады. Қорғаныш молекуласы тетігінің ақауына байланысты жасушалар қауіпті генетикалық қателерді жинап, қатерлі ісікке айналады. Қазіргі уақытта ғалымдар осы зерттеу деректерін прецизионды онкотерапияның құрамдастырылған әдістерін әзірлеу үшін пайдаланады. Қазіргі заманғы дәрі-дәрмектердің көпшілігі ДНҚ-ны көшіру кезінде жасанды жолмен күйзеліс тудыру арқылы ісікті жояды. Когезиннің қорғаныш функцияларын тек ауру жайлаған жасушаларды басу үшін пайдаланып, организмге кері әсері бар химиотерапияның тиімділігін арттыруға және организмнің сау тіндерін ем-домның немесе дәрінің уытты әсерден қорғауға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат