|
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
|
Еуропа елдерінің бірінде ит асырау ережесін қатаңдату туралы шешім қабылданды. Бұл жайында islam.kz порталы welovedogz.hu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Бұл тарапта бірден иттің 11 түрін ұстауға қатаң тыйым салынды. Ал бұрыннан тыйым салынған ит түрлерін асырайтындарға жаңа талаптар қойылды.
Молдова парламенті 11 ит түрін ел аумағына әкелуге, өсіруге және ұстауға тыйым салу туралы шешім қабылдады.
Жаңа ереже 2027 жылдың күзінде күшіне енеді.
Шектеулер ең алдымен қоғамдық қауіпсіздікпен, сондай-ақ, жануарлардың қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты.
Бастаманы қолдаушылардың пікірінше, кейбір ірі иттердің табиғи инстинкттері күшті, сондықтан ондай иттердің қожайындары үй жануарының мінез-құлқын толығымен бақылау қиынға соғады. Ал мұның арты қауіпті жағдайлар тудыруы және қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
Иттердің қандай тұқымдарына тыйым салынады
Тізімге иттердің 11 тұқымы мен түрлері кірді. Олардың ішінде белгілі бір деңгейде қорғалатын жануарлар да, аз таралған тұқымдар да кездеседі.
Атап айтқанда, шектеулер:
ақбаша;
Алапах таза қанды бульдогы;
америкалық бандог;
америкалық питбультерьер;
бульмастиф;
булли кутта;
кампейро бульдогы;
кавказ овчаркасы;
гулль-донга;
қасқыр иттер;
қасқырдың басқа да будандарын қамтиды.
Бұрыннан асыраудағы мұндай иттерге не болады?
Жаңа талаптар тек болашақ ит қожайындарына ғана қатысты емес. Осы қара тізімдегі иттері бар адамдарға өз үй жануарын тіркеуге тура келеді. Бұдан басқа, жануарларды залалсыздандыру немесе піштіру қажет болады.
2027 жылғы қыркүйектен кейін белгіленген ережелерді сақтамамағандарға құқықтық жауапкершілік жүктеледі, яғни, заң алдында жауап беруге тура келеді.
Бұл ретте мұндай шектеулердің басқа еуропалық мемлекеттерде де қолданылатынын айта кетпекпіз. Мысалы, Англияда аргентиналық догтарды, жапондық тостарды, бразилиялық мастифтер мен питбулдарды ұстауға тыйым салынады. Аралас тұқымды иттердің шығу тегін анықтау үшін онда тыйым салынған тұқымның генетикалық белгілерінің болуын анықтауға мүмкіндік беретін ДНҚ-тестілеу процедурасыпайдаланылуы мүмкін.
Германияда буль-типті иттерді ұстауға шектеу қойылады. Данияда мұндай тыйым иттердің кейбір түрлеріне ғана емес, сондай-ақ, жайылымдық және күзетілетін жануарлардың жекелеген шығыс және ресейлік тұқымдарына да қолданылады.