Биологиялық жолмен «шіритін» шыны жасалды
Биологиялық жолмен «шіритін» шыны жасалды
3 жыл бұрын 3123 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Стокгольм қаласындағы Королдік технологиялық институтының (швед. Kungliga Tekniska högskolan) Валленберг ғылыми орталығының ғалымдары толық ыдырап жоғалатын, сол себепті, қоршаған ортаға зияны жоқ мөлдір ағаш ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш материал өздігінен ыдырауы үшін ғалымдар апелсин шырынының экстратын пайдаланды: ол делигнифицирленген ағаштың мықтылығы мен беріктігін қалпына келтіретін әрі жарықты өткізетін полимерді жасау үшін қажет. Жаңа композит материалдың оптикалық өткізу қабілетін 90%-ға дейін қамтамасыз ете алады, қалыңдығы 1,2 мм-ден аспайды. Соңғы бес ыл ішінде жасалған өзге мөлдір ағаш композиттеріне қарағанда жаңа материал конструкциялық мақсатта пайдалануға арналған. Өйткені, оның механикалық сипаттамасы жоғары: беріктігі - 174 МПа (25,2 кси), ал икемділігі - 17 ГПа (немесе шамамен 2,5 Мпа). Материал қандай да бір ерітіндісіз жасалды, ал барлық химиялық заттар биологиялық шикізаттан алынған. Бұл материалды инновациялық жобаларда, мәселен, «ақылды үйлерде» пайдалануға болады, сонымен қатар, материал жылу сақтап, жарықтандыру немесе күңгірттендіру қызметін қоса атқара алады.

image

image

image

Ұқсас материалдар:

«Ағаштан шыны жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/agashtan-shyny-jasaldy-14226/#gsc.tab=0);

«Ағашты шыныдан да мөлдір, мықты әрі жеңіл етудің жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/agashty-shynydan-da-moldir-myqty-ari-jenil-etudin-joly-tabyldy-video-14773/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат