Ағаштан шыны жасалды
Ағаштан шыны жасалды
4 жыл бұрын 3335 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жуньюн Чжу (Junyong Zhu) орман өнімдері зертханасының ғалымдары АҚШ-тағы Мэриленд және Колорадо жоғарғы оқу орындарындағы әріптестерімен бірігіп, болашақ терезесіне айналуы мүмкін, ағаштан мөлдір материал жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар анықтағандай, мөлдір ағаш бүгінде құрылыста пайдаланылып жүрген шыныдан көп артықшылығы бар. Ең бастысы, аталмыш матертал шыны өндірісінде бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтуға әрі жылыту маусымында жылуды үнемдеуге мүмкіндік береді. Мөлдір ағаш – толықтай ағаштан жасалған шыны тәрізді материал. Ғалымдардың айтуынша, ол кәдімгі шыныдан мықты әрі қауіпсіз, үнемшіл және термикалық қорғау тұрғысынан тиімді болып келеді. Оның үстіне, оның өндірісі экологиялық жағынан зиянсыздау. Аағаш шыны шапшаң өсетін бальза ағашынан жасалады. Аталмыш ағаш Оңтүстік Американың экваторлық белдеуінде өседі. Ол ағартуға арналған арнайы ваннада қышқылданып, содан соң оған синтетикалық полимер сіңдіріледі. Нәтижесінде материал тек мөлдір кейіпке еніп қоймай, сонымен қатар, пластикке тән өзгешелікке ие болады, дәлірегі, майыса алады, қатты соққы төзімді келеді. Ал кәдімгі шыны өндірісінде көмірқышқыл газы көптеп бөлінеді. АҚШ ауыл шаруашылық министрлігі келтірген дерекке қарағанда, жылына шыны өндірісінен шамамен 25 мың метрикалық тонна зиянды қалдық бөлінеді. Бұдан бөлек, кәдімгі шыны жылу ұстау ерекшелігі төмен, аптап ыстықта ғимараттың ішін ысытып жібереді. Ең басты артықшылығы – өнеркәсіпте қолданылатын технологиялық құрал-жабдыққа да төзімді келеді.

0 пікір
Мұрағат