Бақылау камерасына адамды көрінбейтін ететін өрнек жасалды (фото)
Бақылау камерасына адамды көрінбейтін ететін өрнек жасалды (фото)
4 жыл бұрын 4237 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар адамның жүзін танитын бейне бақылау жүйесі ажырата алмайтын, яғни, адамды көрінбейтін ететін, шолақ жең киімге арналған суретті дайындады. Бұл жайында Wired ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, Солтүстік шығыс университетінің, Массачусет технологиялық институтының және IBM ғалымдары адамның жүзін тану бағдарламасындағы жасанды интеллектіні алдайтын сурет дайындады.  Әдетте нейрон желісі адамды тану үшін обьектінің айналасында шектеулі тікбұрышты салып, талдау жасайды. Ал мына ғалымдар жүйені шатастыратын, бағдарламаға адамның бет-бейнесін белгілі бір аямен шектеуге мүмкіндік бермейтін суретті сала алды. Адамды тану жүйесін алдап соғуға болатын технологияны жасауға бұрыннан талпыныс жасалып келеді. Мәселен, бұрындары ғалымдар адамды тануға мүмкіндік бермейтін көзілдірік жасаған еді. Алайда, бұл технологияның кемшілігі болды – ол тек статикалық кескінге ғана жарамды еді. Ал мына тың технология нақты уақыт аралығында, яғни, адамның қимыл-қозғалысы кезінде (сурет қисайып тұрса да) адамды тану жүйесін шатастыра алады. Осы орайда мынаны айта кеткен жөн: ғалымдар бұл технологияны әу баста адамды тану жүйесін айналып өтетін жолды іздеу үшін емес, адамды тану жүйесінің осындай олқылығы мен кем-кетігі барын көрсету үшін, бұл кемшілікті жою үшін қолға алды.

Цифровой камуфляж

0 пікір
Мұрағат