|
Әлемде 50 жастан асқан әрбір 7-ші тұрғын аштық азабын тартуда
|
Әлем бойынша 50-80 жас аралығындағы әрбір жетінші тұрғын аштық азабын тартуда. АҚШ-тағы Мичиган университетінің ғалымдарының сол жоғарғы оқу орнының сайтында осындай дерек келтіріпті. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізілген екен: күллі әлемнің есін алып өршіп тұрған жұқпалы індет пандемиясы барлық елдің экономикасына тұсау салып, тұрғындардың әл-ауқатын төмендеткен. Осыған байланысты азық-түлік тапшылығы орын алған, ресурс жеткіліксіз елдерде елуді еңсергендер арасында аштық азабын тартқандар қарасы күрт көбейіп кеткен. Әсіресе, афроамерикалық мен латын америкалық азаматтар аштықтан зардап шегуде. Осыған байланысты қарттықпен қоса келетін ауру түрлерінен бақилық болып жатқандардың да қарасы көбейген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)