Аса қауіпті лейкемияның пайда болу себебі анықталды
Аса қауіпті лейкемияның пайда болу себебі анықталды
3 жыл бұрын 3907 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Йел университетінің онкологиялық орталығының ғалымдары ем-домға бой бермейтін қанның аса қатерлі ісігінің дамуына жол бермейтін молекулярлық тетікті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымы мен осы зерттеуге қатысты хабар таратқан MedicalXpress ақпарат көзінің баспасөз релизіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған орталық ғалымдары  В-жасушалы жедел лимфобластикалық лейкемияның (B-ALL) қатерлі иммундық жасушаларында антиоксидантты қасиетке ие PON2 лактоназа деңгейінің жоғарылағанын байқаған. Белгілі болғандай, молекула қатерлі ісіктің глюкозаны сіңіруіне көмектесетін энергияның пайда болуына ықпал етеді. Бұл процесс стоматиннен глюкоза-1 тасымалдаушысының босанып шығуынан орын алады. Осылайша PON2 қатерлі ісіктің глюкозаны сіңіруінде әрі энергияға ие болуында маңызды рөл атқаратын болып шықты, ал PON2 болмаса, лейкемияның дамуы тоқтап қалады. Лактоназдың деңгейі неғұрлым жоғары болса, ауру соғұрлым агрессиялық сипатқа ие болады.

kk.pobedidijabetes.org дерек көзінен:

Лактоза - бұл сүтті қант деп аталатын дисахарид. Оның химиялық формуласы келесідей: C12H22O11. Бұл галактоза мен глюкоза молекулаларының қалдығы

Ұқсас материалдар:

«Лейкемияны жоятын жасуша» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/leikemiyany-joyatyn-jasusha-14736/#gsc.tab=0);

«Ем қонбайтын қанның қатерлі ісігіне қарсы амал табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/em-qonbaityn-qannyn-qaterli-isigine-qarsy-amal-tabyldy-12823/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат