Лейкемияны жоятын жасуша
Лейкемияны жоятын жасуша
4 жыл бұрын 3243 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Осыдан бірер жыл бұрын талияның Милан қаласында орын тепкен Сан-Раффаэл емханасының және Vita-Salute San Raffaele университетінің ғалымдары Вашингтонда жыл сайын өтетін Ғылымды дамытудың америкалық қауымдастығының (Aaas)  форумында жұртшылық назарына қанның қатерлі ісігімен күресуге қауқарлы, гендік тұрғыдан түрлендірілген лимфоциттерді ұсынған болатын. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Translational Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған лимфоциттердің тағы бір артықышылығы – өзінің «емдік мақсатта» жасалғанын ұмытпайды, яғни, аурудың қайталануына жол бермейтін жадыға ие, былайша айтқанда, екпе ретінде алға шығады. Бұл тарапта талмай ізденіп, үлкен жетістікке жеткен италиялық ғалымдар алдымен иммундық жүйеден «сарбаздарды» іздеп тауып, оларды генетикалық тұрғыдан түрлендіре отырып, қатерлі ісікті тани алатын әрі жоя алатын «суперкиллерге» айналдыруды мақсат еткен еді. Сан-Раффаэл емханасының иммунология және инфекциялық аурулар бөлімінің сол кездегі вице-директоры Кьяра Бонини лимфоциттердің бірінен үміт күтіп отырғанын мәлімдеп еді. Ол бұл арада «тірі дәрі» атанған жасушаны меңзеген болатын. Бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізген ғалымдар лейкоздың аса қатерлі деңгейіне өтіп, дерті меңдеген 10 науқастың қадағалауға көшеді: пациенттердің бойында лейкемияға қарсы тұрып, инфекциядан қорғайтын жаңа иммундық жүйе қалыптастыру үшін олардың организіміне өз-өзін жоятын ТК генімен түрлендірілген (модификацияланған) Т-лимфоциттері енгізіледі. Бұл гендік терапиядан кейін арада бір жыл өткен соң қадағалаудағы пациенттің иммуннологиялық көрсеткіші өзмен құрдас сау адамдардыкіндей болды. Келесі кезекте ғалымдар иммундық жүйе жасушаларының қайсысының жылдар өте келе сақталған жасушаларды анықтай алатынын анықтауға кірісті. Яғни, арада талай уақыт өтсе де сақталған  жасушаны анықтай алатын әрі сақталған жасушадан да ұзақ уақыт сақаталатынын анықтауды алдарына міндет етіп қойды. «Өтпелі ұпайға» жүйеде табаны күректей 14 жыл сақталған жадының діңгекті Т-жасушасы ие болды. Осыған орай емнің тиімділік әсерінің ұзақ сақталуын қамтамасыз ету үшін жылдар бойы сақталатын жасушалар пайдаланылуы тиіс. Яғни, патогендерді "есте сақтап", организмге қайта оралуына жол бермесі үшін. Ғалымдар зерттеу барысында осы сипаттар кездесетін иммундық жадының діңгекті жасушаларын (memory stem T cells) тапты. Әрбір Т-лимфоцит өзге жасушадағы нақты антигенді тани алады – мейлі ол тұмау вирусы болсын, мейлі ол өзге патогенді агент болсын. Біздің организімізде қатерлі ісікті тани алатын Т-лимфоциттері кездеседі. Алайда, олар өте аз, сол себепті, науқас аурумен лайықты деңгейде күресуі үшін көп Т-лимфоциттерді қажет етеді. Ғалымдардың міндеті – қатерлі ісікке қарсы Т-лимфоциттерінің тұтас әскерін жасақтауы тиіс. Әлбетте, оны гендік инженерия көмегімен жүзеге асыра аласыз. Бұл мақсатқа жетудің ықтимал екі жолы барын айтады ғалымдар: біріншісі – лейкоздың асқынған түрімен күресуде өзін тиімді жағынан көрсете білген Т-лимфоциттерін CAR-рецепторын пайдалана отырып, аса қуатты клиникалық «соққы» бере алатындай етіп «жарақтандыру»; алайда, бір әттеген-айы, бұл рецепторлар қатерлі ісіктің тек беткі жағындағы құрылымды ғана тани алады – егер антиген ішінде болса, CAR оны көре алмайды. Міне, осындай себептерге байланысты италиялық ғалымдар екінші жолды таңдады: олар Т-лимфоциттерінде табиғи жолмен болатын, антигенді әне жасуша ішіндегі нысанды зақымдай алатын Т-жасушалы рецепторды пайдаланды. Гендік редакциялау технологиясының көмегімен алдымен лимфоцитттің Т-жасушалы рецепторын бөліп алып, оған тек қатерлі ісікпен күресетін рецепторды орналастырады.

(ықшамдалып алынды)

0 пікір
Мұрағат