Антибиотикке төзімді бактериялардың дәріге төзімділігін төмендетудің жолы табылды
Антибиотикке төзімді бактериялардың дәріге төзімділігін төмендетудің жолы табылды
3 жыл бұрын 2841 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Антибиотикке төзімді бактериялармен күресудің тың тәсілі инфекциялық дертке шалдыққан науқастарды патогендерден емдеп жазуға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы imperial.ac.uk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бактериялардың дәріге деген төзімділігін төмендету әдісі туралы сөз болып отыр бұл арада. Лондон қаласындағы империялық колледж мамандары да атсалысқан бұл бағыттағы зерттеу нәтижесінде антибиотикке төзімділігі қалыптасқандықтан жыл сайын ем-домға бой бермей бара жатқан E. coli, K. pneumoniae және P. Aeruginosa секілді бактериялардың дәріге төзімділігін төмендету жолы табылған. Ғалымдар бұған бактерия ішіндегі дәріге төзімділікті қалыптастыратын ақуызды тежеу арқылы қол жеткізе алған. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Остиндегі Техас университетінің молекулярлы биология кафедрасының доценті, дәрігер Деспойна Мавриду бұл тәсілдің бактерияның төзімділігімен күресудің осы уақытқа дейін қолға алынбаған емесе қолданылмаған тың тәсіл болып табылатынын алға тартып отыр. Осылайша уақыт озған сайын қатерлі сипат алып келе жатқан бактериямен күресудің жаңа стратегиясы пайда болды. Медицина саласындағы әлеуметтік зерттеу қорытындысынде келтірілген статистикалық мәліметке қарағанда, бір ғана 2019 жылдың өзінде күллі әлем бойынша кем дегенде 1,27 млн адам бактерияның дәріге төзімділік танытуынан тікелей көз жұмған. Сол себепті, бұл тараптағы зерттеу жұмыстарының маңызы артып келеді. Антибиотикке төзімді бактериялар құрамында дәрінің әсерін бейтараптандыратын түрлі ақуыздар жетерлік Антибиотикті бейтараптандыруға DsbA ақуызының қатыссы бары анықталған еді. eLife мерзімді басылымында жарияланған тәжірибе барысында ғалымдар DsbA ақуызын тежеп көреді - бактерияның антибиотике төзімділігін қалыптастырмауы үшін. Қалай тежеді? Науқасқа тікелей қолдануға болмайтын химиялық затты пайдаланып аталмыш ақуыздың белсенділігін басқан. Ендігі жерде қорғаныс эффектісі бар, яғни, пациентке зияны тимейтін ингибитор (аталған ақуызды тежеу құралы) жасауды көздеп отыр. Осынау зерттеуге көп еңбек сіңірген лондондық Imperial колледжінің сарапшысы Крис Фернистың айтуынша, дисульфидті байланыстың түзілуіне және ақуыздың қатпарлануына (жиырылуына) әсер ету арқылы антибиотиктерге бірнеше негізгі патогеннің төзімділігін және төзімділік тетіктерін өзгертуге болады. Ғалымдар түбінде DsbA ингибиторын антибиотикпен біріктіріп, дәрінің бактерияны жоятын тиімділігін арттыруға ниет етіп отыр. Бұрын ғалымдарға DsbA қоздырғышының бірқатар функцияларына қатысатынын, мысалы, хост жасушаларына шабуыл жасау үшін токсиндерді тудырып және осы токсиндерді адам жасушаларына жеткізетін және ауру тудыратын ине тәрізді жүйелерді жинауға көмектесетіні белгілі болатын.

Ұқсас материалдар:

«Антибиотикке төзімді бактериялардан өлім-жітім артып келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/antibiotikke-tozimdi-bakteriyalardan-olim-jitim-artyp-keledi-16324/#gsc.tab=0);

«Жыртқыш бактериядан антибиотик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jyrtqysh-bakteriyadan-antibiotik-jasaldy-16292/#gsc.tab=0);

«Бактериялардың дәріге төзімділігін қалай қалыптастыратынын көргіңіз келе ме» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalardyn-darige-tozimdiligin-qalai-qalyptastyratynyn-korginiz-kele-me-video-16286/#gsc.tab=0);

«Антибиотикке төзімді бактерияларды жоюдың аса тиімді тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotikke-tozimdi-bakteriyalardy-joyudyn-asa-tiimdi-tasili-tabyldy-16273/#gsc.tab=0);

«Супербактерияға қарсы, антибиотикке қатысты екі жаңалық» (https://islam.kz/kk/news/gylym/superbakteriyaga-qarsy-antibiotikke-qatysty-eki-janalyq-16231/#gsc.tab=0);

«Адам организімінен ондаған жаңа антибиотик түрі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-organiziminen-ondagan-jana-antibiotik-turi-tabyldy-16140/#gsc.tab=0);

«Антибиотиктің тиімділігін арттырудың тың тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotiktin-tiimdiligin-arttyrudyn-tyn-tasili-paida-boldy-15945/#gsc.tab=0);

«Бактерия төтеп бере алмайтын антибиотик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriya-totep-bere-almaityn-antibiotik-jasaldy-13669/#gsc.tab=0);

«Аса қуатты, әмбебап, табиғи антибиотик табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/asa-quatty-ambebap-tabigi-antibiotik-tabyldy-14162/#gsc.tab=0);

«Антибиотик адам ғұмырын қысқартады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotik-adam-gumyryn-qysqartady-15668/#gsc.tab=0);

«Жаңа буын антибиотигінің тиімділігі неде?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-buyn-antibiotiginin-tiimdiligi-nede-15184/#gsc.tab=0);

«Антибиотик зиянды бактериялармен қатар пайдалы бактерияларды да жояды... Ғалымдар мұның да жолын тапқан секілді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotik-ziyandy-bakteriyalarmen-qatar-paidaly-bakteriyalardy-da-joyady-galymdar-munyn-da-jolyn-tapqan-sekildi-13106/#gsc.tab=0);

«Бактерияны басқаша жолмен жоятын антибиотик табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyany-basqasha-jolmen-joyatyn-antibiotik-tabyldy-13223/#gsc.tab=0);

«Ара уынан дәріге төзімді бактерияларды жоятын антибиотик жасаудың тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ara-uynan-darige-tozimdi-bakteriyalardy-joyatyn-antibiotik-jasaudyn-tasili-tabyldy-14275/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар бактерияны антибиотик істеп шығаруға қалай "көндірді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-bakteriyany-antibiotik-istep-shygaruga-qalai-kondirdi-13774/#gsc.tab=0);

«Өлімге апаратын аса қауіпті супербактерияның пайда болу себебі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/olimge-aparatyn-asa-qauipti-superbakteriyanyn-paida-bolu-sebebi-anyqtaldy-14761/#gsc.tab=0);

«Бактериофаг аса қауіпті супербактерияны жоя алатын болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriofag-asa-qauipti-superbakteriyany-joya-alatyn-bolyp-shyqty-14723/#gsc.tab=0);

«Бактериялар біз ойлағаннан да әлдеқайда төзімділігін шапшаң қалыптастыруда» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalar-biz-oilagannan-da-aldeqaida-tozimdiligin-shapshan-qalyptastyruda-14722/#gsc.tab=0);

«Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір сыры ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyanyn-antibiotikke-tozimdiliginin-tagy-bir-syry-ashyldy-13275/#gsc.tab=0);

«Супер бактериямен өз қаруын қолдана отырып күресудің жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/super-bakteriyamen-oz-qaruyn-qoldana-otyryp-kuresudin-joly-tabyldy-15286/#gsc.tab=0);

"Ішек таяқшасы жылдан жылға антибиотикке бой бермей келеді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/ishek-tayaqshasy-jyldan-jylga-antibiotikke-boi-bermei-keledi-15232/#gsc.tab=0);

"Бактерияның «өздігінен оталатын зымыраны» бар болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyanyn-ozdiginen-otalatyn-zymyrany-bar-bolyp-shyqty-15115/#gsc.tab=0); 

«Антибиотиктің бір түріне төзімділігі қалыптасқан бактерия антибиотиктің өзге түрлеріне де төзімді болып келеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotiktin-bir-turine-tozimdiligi-qalyptasqan-bakteriya-antibiotiktin-ozge-turlerine-de-tozimdi-bolyp-keledi-13566/#gsc.tab=0);

«Жаңа буын антибиотигінің тиімділігі неде?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-buyn-antibiotiginin-tiimdiligi-nede-15184/#gsc.tab=0);

 «Ара уынан дәріге төзімді бактерияларды жоятын антибиотик жасаудың тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ara-uynan-darige-tozimdi-bakteriyalardy-joyatyn-antibiotik-jasaudyn-tasili-tabyldy-14275/#gsc.tab=0);

«Өлімге апаратын аса қауіпті супербактерияның пайда болу себебі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/olimge-aparatyn-asa-qauipti-superbakteriyanyn-paida-bolu-sebebi-anyqtaldy-14761/#gsc.tab=0);

«Бактериофаг аса қауіпті супербактерияны жоя алатын болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriofag-asa-qauipti-superbakteriyany-joya-alatyn-bolyp-shyqty-14723/#gsc.tab=0);

«Бактериялар біз ойлағаннан да әлдеқайда төзімділігін шапшаң қалыптастыруда» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalar-biz-oilagannan-da-aldeqaida-tozimdiligin-shapshan-qalyptastyruda-14722/#gsc.tab=0);

«Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір сыры ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyanyn-antibiotikke-tozimdiliginin-tagy-bir-syry-ashyldy-13275/#gsc.tab=0);

«Антибиотик зиянды бактериялармен қатар пайдалы бактерияларды да жояды... Ғалымдар мұның да жолын тапқан секілді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotik-ziyandy-bakteriyalarmen-qatar-paidaly-bakteriyalardy-da-joyady-galymdar-munyn-da-jolyn-tapqan-sekildi-13106/#gsc.tab=0  

0 пікір
Мұрағат