Ғалымдар бактерияны антибиотик істеп шығаруға қалай "көндірді"
Ғалымдар бактерияны антибиотик істеп шығаруға қалай "көндірді"
4 жыл бұрын 3532 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар арнайы гормонның көмегімен бактерияларды «қорқыту» арқылы осындай нәтижеге қол жеткізді. Бұл мақсатта ғалымдар актинобактерия генінде жасырынған антибиотик пен антипаразиттік қосындыны өндіру әдісін қолға алды. Келешекте аталмыш заттар актиномицин және стрептомицин  секілді дәрі-дәрмектер жасауға септігін тигізетін болады. Ғалымдардың бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі eLife мерзімді басылымында жарияланды. Ғалымдар бұл бағытта он жыл бойы ізденді. Олардың айтуынша, зертханада бактерия молекуланы мұндай мөлшерде бөле алмайды. Бактерия молекуланы қатер төнбесе жұмыс істемейтін ұсақ молекулярлы гормондардың қадағалауымен істеп шығарады. Ғалымдар түрлі гормондардың актинобактерияда антибиотиктердің өндірісіне қалай әсер ететінін бағамдап көрмек болған еді. Бактерияларды гормондардың немесе гормондар комбинациясының әсеріне ұшырату арқылы медициналық тұрғыдан пайдалы жаңа қосындылар алуға итермеледі. Ғалымдар химиялық тұрғыдан әлдеқайда тұрақты гормонға – авенолидке назар аударған еді. Ол топырақ құрамында кездесетін, «авермектин» деп аталатын паразитке қарсы қосындының пайда болуына ықпал етеді. Бұл қосындының химиялық модификацияланған нұсқасын – ивермектинді асқынып кетсе, соқыр қылып тастайтын инфекциялық ауруды, яғни, онхоцеркоз дертін емдеуде пайдаланылады. Ғалымдар байқағандай, гормон актинобактериямен байланысқан кезде рецептор ДНК-ге "жармасу" қабілетінен айырылып қалады. Бұл өз кезегінде қорғаныш қосындыларын, соның ішінде антибиотикті шектеу қабілетін іске қосады. Бұл процесс ғалымдарға аленолидтің көмегімен реттеуге болатын 90 актинобактерияны идентификациялауға мүмкіндік берді.

0 пікір
Мұрағат