Адам организімінен ондаған жаңа антибиотик түрі табылды
Адам организімінен ондаған жаңа антибиотик түрі табылды
2 жыл бұрын 1156 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз білетіндей, бактериялардың дәрі-дәрмекке жылдын жылға бой бермей барады, осының кесірінен бұрын емделетін инфекциялық аурулар қауіпті сипат  алып келеді. Инфектологтардың болжамы бойынша 2050 жылға қарай жылына орташа есеппен 10 млн адамның өмірін жалмайтын супербактерияның пайда болу қатері артып келе жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы blog.seas.upenn.edu (University of Pennsylvania) дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыны ескерген ғалымдар антибиотиктердің түрлі қайнар көздерін іздеумен, жаңа дәрілер әзірлеумен келеді. Бұл тараптағы талпыныс зая кеткен жоқ; жаңа немесе жетілдірілген дәрілердің бактерияға қарсы қауқары әзірге инфекциялық аурулардың таралуына жол бермеуде. Соған қарамастан бактериялардың антибиотикке төзімділігі де артып келеді. Тіпті, ғалымдар қуатты антибиотиктің түрін табу үшін бақаның терісін, жыланның уын, араның балын, көк шайды, саңрауқұлақты, ол ол ма, үйректұмсықтың сүтіне дейін пайдаланып көріп жатыр. Осы жолы ғалымдар алыстан емес, жақыннан антибиотиктің қайнар көзін тапты. Бұрын белгісіз болып келген антибиотиктер өзіміздің бойымызда жасырынып келгені белгілі болды. Пенсилвания университетінің ғалымдары интернеттен қажетті материалды іздеген кезде қолданатын тәсілді – мәтінде кездесетін сөйлемді немесе тақырыпты я болмаса сол мәтіннің мазмұнын мағынасы қамтитын негізгі сөзді қолдану арқылы іздеу әдісімен организм істеп шығаратын «кітапхана» қоры болып табылатын адам протеомынан микробқа қарсы қасиетке ие пептидтерді іздестірген екен. Ғалымдар микробқа қарсы ортақ қасиеті немесе өзгешелігі бар пептидтерді (аминқышқылдарынан тұратын ақуыз – ред.) сканерлеуден өткізді: ұзындығы 8-ден 50-ге дейін аминқышқылдарын, оң заряд және құрамында гидрофобты және гидрофильді бөліктер бар пептидтер турасында сөз болып отыр бұл арада. Іздеу нәтижесінде 2603-і сәйкес келетіні белгілі болды. Олардың барлығы иммундық жүйеге еш қатысы жоқ, сол себепті, ғалымдар оларға  «құпияланған пептидтер» деген атау берді. Микробқа қарсы пептидтердің 55-нің патогендік бактерияларға қарсы әсерін тексеріп көрген екен, нәтижесінде олардың 63,6 %-ы микробқа қарсы белсенділік танытқан. Пептидтер тек зиянды инфекциямен күресіп қоймайғ сонымен қатар, пайдасы көп ішек пен терінің синантропты организмдеріне де шапқан. Ғалымдар осындай ерекшелікке байланысты адам микробиоты реттеуді қажет ететінін алға тартып отыр. Микробқа қарсы пептидтерді дененің сол аймағындағы пептидтермен біріктірген кезде олардың қуаты 100 есеге артып шыға келген. Микробқа қарсы пептидтерді тышқандарға сынап көрген екен, ешқандай жанама әсері байқалмады. Ендігі жерде пептидтердің бактерияның төзімділігінің қалыптасуын немесе дамуын тежей ала ма, соны тексеріп көрмек. Микробқа қарсы пептидтер бактерияның сыртқы мембранасынан өте алатын болып шықты, бұл жақсы жаңалық, өйткені, бактерияның жойылмай келе атқанының бір себебі – осы мембранасының беріктігінде жатыр. Мембранасын қатайту үшін бактериялар бірнеше рет мутацияға ұшырауы, бейімделуі тиіс. Бұл жайт бактерияның көптеген энергиясын қажет етеді.

Ұқсас материалдар:

«Антибиотиктің тиімділігін арттырудың тың тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotiktin-tiimdiligin-arttyrudyn-tyn-tasili-paida-boldy-15945/#gsc.tab=0);

«Бактерия төтеп бере алмайтын антибиотик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriya-totep-bere-almaityn-antibiotik-jasaldy-13669/#gsc.tab=0);

«Аса қуатты, әмбебап, табиғи антибиотик табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/asa-quatty-ambebap-tabigi-antibiotik-tabyldy-14162/#gsc.tab=0);

«Антибиотик адам ғұмырын қысқартады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotik-adam-gumyryn-qysqartady-15668/#gsc.tab=0);

«Жаңа буын антибиотигінің тиімділігі неде?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-buyn-antibiotiginin-tiimdiligi-nede-15184/#gsc.tab=0);

«Антибиотик зиянды бактериялармен қатар пайдалы бактерияларды да жояды... Ғалымдар мұның да жолын тапқан секілді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotik-ziyandy-bakteriyalarmen-qatar-paidaly-bakteriyalardy-da-joyady-galymdar-munyn-da-jolyn-tapqan-sekildi-13106/#gsc.tab=0);

«Бактерияны басқаша жолмен жоятын антибиотик табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyany-basqasha-jolmen-joyatyn-antibiotik-tabyldy-13223/#gsc.tab=0);

«Ара уынан дәріге төзімді бактерияларды жоятын антибиотик жасаудың тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ara-uynan-darige-tozimdi-bakteriyalardy-joyatyn-antibiotik-jasaudyn-tasili-tabyldy-14275/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар бактерияны антибиотик істеп шығаруға қалай "көндірді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-bakteriyany-antibiotik-istep-shygaruga-qalai-kondirdi-13774/#gsc.tab=0);

«Өлімге апаратын аса қауіпті супербактерияның пайда болу себебі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/olimge-aparatyn-asa-qauipti-superbakteriyanyn-paida-bolu-sebebi-anyqtaldy-14761/#gsc.tab=0);

«Бактериофаг аса қауіпті супербактерияны жоя алатын болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriofag-asa-qauipti-superbakteriyany-joya-alatyn-bolyp-shyqty-14723/#gsc.tab=0);

«Бактериялар біз ойлағаннан да әлдеқайда төзімділігін шапшаң қалыптастыруда» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalar-biz-oilagannan-da-aldeqaida-tozimdiligin-shapshan-qalyptastyruda-14722/#gsc.tab=0);

«Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір сыры ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyanyn-antibiotikke-tozimdiliginin-tagy-bir-syry-ashyldy-13275/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат