Супербактерияға қарсы, антибиотикке қатысты екі жаңалық
Супербактерияға қарсы, антибиотикке қатысты екі жаңалық
2 жыл бұрын 1238 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті
Супербактерияға қарсы антибиотик тиімділігін арттырудың тағы бәр тәсілі табылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерекке қарағанда, таяу болашақта адамзаттың денсаулығына қатер төндіретін 10 негізгі қауіптің бірі – супербактерияның пайда болуы. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Австралияның Монаша оғарғы оқу орнының және Гарвард университетінің EMBL ғалымдары жүргізген пәнаралық жоба аясында дәрі-дәрмекке мейлінше төзімді бактерияларға, яғни, супербактерияға  қарсы антибиотиктің тиімділігін арттырудың тағы бір тәсілі табылды. Бұл тәсіл өз кезегінде антибиотиктердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, инфекциялық дертке шалдыққан науқастарға қатысты қатерлі қадамға бару қажеттілігін жояды, яғни, антибиотиктің жоғары дозасын беріп қою секілді тәуекелі көп, жауапкершілігі одан да зор әрекеттерден тыяды. Бактериялық инфекция жайлағанда организмдегі инфекция ошағы болған жерге нейрофилдерді тартатын, хемоаттрактант деп аталатын молекула іске қосылады. Нейтрофил дегеніміз, қауіпті бактерияларды оқшаулап, оятын иммундық жасушалар. Ғалымдар хемоаттрактант антибиотикке бекітіп, иммундық жасушаларды молынан жинауына мүмкіндік берді, осылайша бактерияны жою қабілетін шыңдады. EMBL Australia және Monash Biomedicine Discovery Institute ғалымдарының жетекшісі, дәрігер Дженнифер Пейннің айтуынша, иммундық жүйеміз бактериямен қалай күресетініне назар аударған кезімізде екі маңызды аспекті ескеріледі: біріншісі – бактериялық жасушаны «қолға түсіріп» жою; екіншісі – инфекцияны жою үшін иммундық жүйенің реакциясын тудыратындай нейтрофилдерді, лейкоциттерді көптеп тартатын сингал – хемоаттрактант. Ғалымдар хемоаттрактантты кеңінен қолданылатын антибиотикке – ванкомицинді формилпептидке бекітеді. Ол өз кезегінде бактерияның беткі жағымен байланыстырады. Бұл арада антибиотикке төзімділігі жоғары стафилококка бактериясы турасында сөз болып отыр. Ғалымдар осылайша натибиотик пен хемоаттрактант гибридін пайдаланып, дәрінің әсерін екі есе күшті қылуға қол жеткізген. «Иммундық-терапевтік антибиотиктің көмегімен қуатты иммундық жүйені ынталандыра отырып, тышқанға жасаған тәжірибеміз арқылы осылайша емдеудің тиімділігін көрсете алдық. Бір антибиотикті бестен бір дозамен емдеуге қарағанда екі есе тиімді жол табылды»,- деп мәлімдеді Монаша биомедицина жаңалықтары институтындағы EMBL тобының жетекшісі, доцент Макс Крайл.

Миллиондаған сырқатты аурудан айықтыратын антибиотиктің жаңа түрі жасалды

Ғалымдар генді редакциялау арқылы күрделі антибиотиктер өндірудің тың тәсілін тапты. Бұл жаңалық өз кезегінде дәрі-дәрмекке бой бермейтін бактериялармен күрестің стратегиялық маңызын арттыратын әрі болашақтағы ықтимал пандемияда пайдаланылатын жаңа дәрілер әзірлеуге мүмкіндік бермек. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Манчестер университетінің ғалымдары антибиотиктің жаңа буынына жол ашатын – бактерияның негізгі ферменттерін манипуляциялаудың тың әдісін тапты. Мұнда CRISPR-Cas9 генді редакциялау әдісін клиникалық тұрғыдан маңызды антибиотикті жеткізетін рибосомалық емес пептидті синтетаза (NRPS) ферменттерін жасау үшін пайдалануы мүмкін. Топырақ құрамындағы бактериялар секілді қоршаған ортадағы микроорганизмдер рибосомалық емес пептидті синтетазаны (NRPS) дамытқан – құрылыс блоктарын (аминқышқылдарын) пептидтік өнімдерге жинайтын NRPS әзірлейді. Әдетте олар антибиотикке қарсы аса күшті белсенділікке ие болып келеді. Бүгінде емханада науқастардың ем-домында қолданылатын терапевтік маңызды антибиотиктердің көбісі, мәселен,  пенициллин, ванкомицин және даптомицин осы NRPS фременттерінен алынған. Мұндағы проблема – рибосомалық емес пептидті антибиотиктердің құрылымы күрделі болып келеді. Оны химиялық жолмен өндіру қиын әрі қымбатқа түседі. Бұл проблеманы шешу үшін Манчестер жоғарғы оқу орнының ғалымдары аминқышқылдарының әртүрлі құрылыс блоктарын танитын домендерді ауыстыру арқылы NRPS ферменттерін жасау үшін гендік редакциялауды пайдаланады. Бұл жаңа пептидтік өнімдерді жеткізе алатын арнайы «құрастыру желілерінің» пайда болуына әкеледі. Мамандар мен сарапшылардың есебінше, микробқа қарсы дәріге төзімділігі жоғары микроорганизмдер тудыратын инфекциялық аурулардан әлем бойынша жыл сайын 700 мың адам бақилық болады. Болжам бойынша 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш жылына 10 млн адамға жетпек. Бұл өз кезегінде әлемдік экономикаға 100 трлн доллар  шығын әкеледі.

 

0 пікір
Мұрағат