Әйелдердің ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүруінің сыры белгілі болды
Әйелдердің ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүруінің сыры белгілі болды
3 жыл бұрын 10051 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Әйелдер Ү-хромосомасының қайталанатын аймағына байланысты ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүреді. Бұл жасушаның қартаюына әрі өмірге қауіпті заттардың пайда болуына түрткі болады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған PLOS Genetics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық ғалымдардың тұжырымынша, жас кезде ДНҚ-ның қайталанатын аймағы ақуыздарды бұғаттап отырады, алайда, жас ұлғайған сайын бұл тетік істен шыға бастайды. Нәтижесінде жасушаға теріс әсерін тигізетін процестерге жол ашады. Әйелдің генінде екі Х-хромосома, ал ерлерде бір Х-хромосома және бір Ү-хромосома кездеседі. Эволюция барысында Ү-хромосомасы қысқара бастады. Ғалымдар аталмыш хромосоманың жоғалуының ықтимал себебін әрі оның ерлер организіміндегі қартаю процесінде қандай рөл атқаратынын анықтап көруге тырысқан екен. Бұл тарапта биологтер дрозофилді (кәдімгі қара шыбын) тәжірибе жүргізіп көрген болатын. Нәтижесінде Ү-хромосомасы қартайғанда өсіп, организмге кері әсерін тигізеді. Ғалымдар болашақта жасы егде тартқан ер-азаматтарды осынау хромосоманың улы әсерінен қорғаудың жолдарын қарастыратын болады. 

Ұқсас материалдар:

«Әйелдердің ерлерден ұзақ ғұмыр сүруінің сыры басқада болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aielderdin-erlerden-uzaq-gumyr-suruinin-syry-basqada-bolyp-shyqty-13296/#gsc.tab=0);

«Әйелдерге қарағанда ерлер неге аз өмір сүреді - ДДҰ зерттеуі» (https://islam.kz/kk/news/alem/aielderge-qaraganda-erler-nege-az-omir-suredi-ddu-zertteui-11685/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат