Қоғамның интеллектік деңгейі төмендеп барады – зерттеу
Қоғамның интеллектік деңгейі төмендеп барады – зерттеу
4 жыл бұрын 3873 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Ресей Федерациясындағы «Неврология ғылыми орталығы» деп аталатын, ғылыми-зерттеуге және ем-дом-диагностикаға негізделген орталықтың жетекшісі, Ресей ғылым академиясының академигі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, 730 ғылыми еңбектің авторы Михаил Пирадов қоғамда адам интеллектісінің орташа деңгейі құлдырап бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Санкт-Петербор қаласында өткен «Ғылым мен өмір. Адамдықтың шегі» сессиясындағы ғалымның сөзіне қарағанда, 1930-1980 жылдар аралығында дүниеге келгендердің интеллектік (IQ) көрсеткіші өзінен кейінгі буынға қарағанда 20%-ға жоғары. Бұдан бөлек, келесі буын өкілдерінің көбісі жасы 85-ке жақындағанда алжу қатері жоғары немесе Альцгеймер ауруынан зардап шегуі мүмкін. Осылай дей келе ол адам өркениетінің өркендеуі үшін ең алдымен менталды денсаулықты да назардан тыс қалдырмауды ескертті. Осы орайда оқырманға түсінікті болу үшін менталды денсаулық туралы қысқаша айта кетпекпіз: Психологиялық денсаулық - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша адамның өзі мүмкіндігі мен әлеуетін таныта алатын жай-күйі, күнделікті стрестік жағдайларға төзімді, еңбекке жарамды, қысқасы, қоғамға өз пайдасын тигізе алатын тұлғаның бойынан көрініс табуы тиіс психологиялық жай-күй.

Михаил Пирадов: «Людей с нулевым риском инсульта не существует» | Здоровая  жизнь | Здоровье | Аргументы и Факты

Михаил Пирадов

0 пікір
Мұрағат