Адам организімінен жаңа ағза (орган) табылды
Адам организімінен жаңа ағза (орган) табылды
3 жыл бұрын 6810 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Нидерландтық обыр зерттеушілері адам денесінен ғылым мен адамзатқа бұрын белгісіз болып келген сілекей безін тапты. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік ғылымыи мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық өз кезегінде бастағы және мойын қатерлі ісігін сәулемен емдеуде кері әсерін кемітуге көмектеседі. Ғалымдар обыр дертіне шалдыққан науқастарды тексере келе пациенттің басынан тапқан. Аталмыш жаңалық PSMA PET / CT сканирлеу деп аталатын жаңа медициналық визуализация әдісіне қатысты зерттеу нәтижесінде ашқан. Әуел баста ол простат обырына шалдыққан науқасты визуализациялау үшін жасалған болатын. Ғалымдар артынан анықтағандай, қатерлі ісік жасушаларын бөліп көрсетуге арналған лиганданың белгіленген радиоактивті изотоптары сілекей безін де тиімді жолмен визуалайтын болып шықты. Хирург-стоматолог Маттейс Валстар и онколог-радиолог Воутер Фогель сканерлеуден өткен пациент басының суретін зерделеген кезде алғаш рет ерекшеленген участоктарды байқаған болатын. Сканерлеуден белгілі болып тұрғандай, бұлар сілекей бездері, десе де ғалымдар бастың осынау аумағында ғылымға белгілі ешқандай бездің жоғына сенімді болатын. Ғалымдар бұл бағытта жүйелі әрі ауқымды зерттеу жүргізіп көреді, соның ішінде PSMA PET / CT сканерлеудің бұрынғы суреттерін зерделейді, бездердің барына көз жеткізу үшін екі нүктелік аутопсия (хирургиялық жолмен ашып көру) жасалады. Бұл бағыттағы зерттеудің ақырғы кезеңі бұрын белгісіз болып келген бездердің қандай қызмет атқаратынын анықтауға арналды. Нәтижесінде олардың сілекей бездері екені белгілі болды. Осыған байланысты ғалымдар сәуле терапиясының сілекей бездерін зақымдауы мүмкін екенін алға тартып отыр. Осының салдарынан пациент тамақ ішкенде, сұйықтық жұтқанда немесе тіл қатқанда қандай да бір кінәратқа ұшырауы мүмкін.

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат