Донор дауы: Қазақстан азаматтарының ағзалары шетелдікке сатыла ма?
Донор дауы: Қазақстан азаматтарының ағзалары шетелдікке сатыла ма?
1 ай бұрын 286

Қазақстанда қайтыс болған адамның донор болу мәселесі бұған дейін де қоғамда түбегейлі қолдау таппаған, деп азады aikyn.kz ақпарат көзінің тілшісі Нұрбек Бақыт. 

Онлайн режимдегі мәйіттік донорлыққа қатысты дау туындады, – деп хабарлайды КТК арнасы. Себебі, мәйіттен алынған дене мүшесі нағыз мұқтаж жанға жетпес бұрын, саудаға түсе ме, деп алаңдайды.

Денсаулық сақтау министрлігі оған жол берілмейтінін айтады.

Электронды үкіметтегі соңғы мәліметте қайтыс болған соң, ағзаны беру бастамасын қолдайтындарға қарағанда, бас тартқандар көп.

Ал мамыр айында күшіне енген «Халық денсаулығы туралы» кодекске сәйкес, әр адам қайтыс болғаннан кейін өз ағзасын беруге немесе одан бас тартуға өтініш беруі тиіс.

Статистика бойынша электронды үкіметтің дерегінше, 1438 адам, қағаз жүзінде 300-дей қазақстандық донор болғысы келмейді. Ал жалпы саны 200-ден аса адам басқаға өмір сыйлауды құп көреді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 9 айда 238 адам донор табылмағандықтан, өмірден өткен. Қазірдің өзінде елімізде үш мыңнан астам сырқат донорға мұқтаж. Соның 90 пайызы бір бүйрек үшін кезекте тұр.

ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының директоры Әділ Жұмағалиев: «Ислам діні, орыс православиесі бар, католиктер бар. Бұл діндерде қарсылық жоқ. Бүгінгі таңда бірыңғай күту парағында 3242 адам тұр. Оның ішінде 116-сы сәби. Трансплантация барлық қазақстандықтарға тегін. Бірде-бір мәйіттік ағза шетелдіктерге қолданылмайды», – дейді.

3 мыңнан астам қазақстандық ағза трансплантациясына кезекте тұр. Донор табылмағандықтан, 200-ден астам адам  қайтыс болған

Елімізде 3 мыңнан астам адамға бүйрек, жүрек, өкпе сияқты ағзалар қажет. Бұл – транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың ресми сайтында жарияланған ақпарат, деп хабарлайды Atameken Business.

Өкінішке қарай, көп адам өмірден өткен соң да ағзасын беруге қарсы. Оған не себеп? Егер ағзаны сатуға рұқсат берілсе, мәселе шешіле ме? Сала мамандары не дейді? Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының трансплантациялау жөніндегі үйлестіруші Сәуле Шайсұлтанова мен Бүкіләлемдік трансплант ойындарының чемпионы Гүлмира Смайылова пікірімен бөлісті:

 

0 пікір
Мұрағат