Вирус пен бактерияға қарсы ихрам тігілді
Вирус пен бактерияға қарсы ихрам тігілді
3 жыл бұрын 2266 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудиялықтар исі мұсылман қастер тұтатын ислам бесігінде отырғандықтан әлемнің әр түкпірінен ағылып келетін қажылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігін жете сезініп, бет қаратпай, керісінше өрт шалғандай өршіп келе жатқан жұқпалы індеттен қорғанудың барлық айла-амалдарын қарастырып жатыр. Бұл тарапта барлық техникалық мүмкіндігі мен технологиялық әлеуетін сарқа пайдаланып жатыр. Соның бір көрінісі – қажыларға арналған арнайы киім (ихрам) тікті: пандемия кезінде вирустан қорғайтын күміс наноталшықтан тігілген. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хамад бин Әлі әл-Иами есімді саудиялық өнертапқыш ойлап тапқан материал бактерияның таралуына жол бермейді. Оның айтуынша, күміс күллі әлемде хирургиялық аспаптарды, дәрігерлердің киімін, т.б. залалсыздандыруда кеңінен пайдаланылады. Осылайша ана дүниеде оттан, мына дүниеде жұқпалы індеттен қорғайтын қажылар киімі де жаңашылдықтың қатарын толықтырып отыр.

0 пікір
Мұрағат