|
Азықтың жарамдылық мерзімін дем арасында анықтайтын құрылғы (видео)
|
Бұл жүйе ұзақ уақыттай тұрып қалған азықтан бөлінетін газды аулап, нәтижесін смартфон экранынан шығарады. Бұл жайында islam.kz порталы Advanced Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сингапур ғалымдары исі арқылы ет өнімдерінің жарамдылық мерзімін анықтауға мүмкіндік беретін құрылғы жасап шығарды. Газды қабылдау үшін құрылғы табиғи қант түрін – хитозанды, сондай-ақ, кейбір бояғыштарды пайдаланады. Бояғыштар газдың сапасына қарай түсін өзгертіп, иіс қолтаңбасын жасайды. Дәл осы қолтаңба арқылы ет өнімін тұтынуға болатынын немесе болмайтынын байқай аласыз. Аталған жүйенің орташа дәлдігі 98,5 пайызды құраған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды