С-400 зымыранын қай елдер сатып алмақшы?
С-400 зымыранын қай елдер сатып алмақшы?
7 жыл бұрын 3932 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Атом немесе ядролық қару әлемнің алып державаларында бар қаһарлы қару. Алайда,  С-400 "Триумф" ресейлік зенитті зымыранды алмастыратын қару ойлап табылған жоқ. Тіпті, оны көшіріп алғысы келген елдер болғанымен, әзірге бұл әрекеттері нәтижесіз аяқталып отыр. Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының қорғаныс жөніндегі комитет жетекшісі, генерал-полковник Владимир Шаманов кешегі сөзінде: "Кешен өзінің тиімділігін көрсетті, көптеген елдер оны сатып алуы немесе сатып алғысы келетіндігі тегін емес. Тіпті, НАТО құрамындағы Түркияның өзі осындай шешім қабылдап отыр. бұл өз кезегінде америкалықтар мен Солтүстік альянс блогына енетін елдердің біразында түрлі реакция тудырды",- деп мәлімдеді. Айта кетейік, бүгінгі таңда С-400 зымыранын сатып алуға Кытай халық республикасы мен Түркия, Үндістан, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы АҚШ-тың одақтасы Сауд Арабиясы да сатып алуға мүдделілік танытып отыр. Бұл қару несімен артық немесе ерекше? С-400 "Триумф" — шалғай қашықтыққа ұшатын зенитті зымыран жүйесінің осы заманғы кемел үлгісі. Авиацияны, қанатты және баллистикалық зымырандарды, соның ішінде, әрекет ету аумағы орташа радиусты зымырандарды жоюға арналған, сондай-ақ, жер бетіндегі нысандарға қарсы қолдануға болады. С-400 зымыраны 400 шақырым қашықтық орналасқан немесе 30 шақырым биіктіктегі қарсыластың қаруын жоя алады. РФ әскері 2007 жылдан бері қолданып келеді. 

0 пікір
Мұрағат