Адам тәрізді роботтар саны адамзат санымен теңесетін уақыт айтылды
Адам тәрізді роботтар саны адамзат санымен теңесетін уақыт айтылды
2 сағат бұрын 48 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұған ең алдымен адам тәрізді роботтарға (гуманоид) сұраныстың артатыны себеп болмақ. Бұл жайында islam.kz порталы ZME Science ғылыми ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адам тәрізді роботтар саны 2083 жылға қарай ғаламшар халқымен теңесуі мүмкін. Италия, Ұлыбритания және Америка ғалымдары құрған математикалық моделден осындай тұжырым жасалды. Ол үшін андроидтер 2050 жылдан кейін жаңа машиналар өндірісіне белсенді түрде қосылуы тиіс. Зауыттарда негізгі жұмысты атқаратын адам тәрізді роботтар қарасы 2100 жылға қарай шамамен 4 млрд-қа жетеді. Моделді Милан университетінен физик Алессио Закконе, Эксетер университетінен математикалық биолог Томас Тансталл және Рокфеллер университетінен Жесси Оузубел әзірледі. Моделді жасаушылар жаңа роботтарды өндіру жылдамдығын ғана емес, олардың қаншалықты қызмет ететінін, қаншалықты жиі бұзылатынын және машиналардың өздеріне ұқсастарын ұдайы өндіре алатынын да ескерген. Қазір әлемде 10 мыңға жуық адам тәрізді робот бар. Кейбір болжам бойынша 2050 жылға таман олардың саны миллиардқа дейін өспек. Ғаламшар халқының өсу қарқыны баяулап келеді: Біріккен Ұлттыр Ұйымының мәліметіне сәйкес 2025 жылы 8,2 млрд+ты құрайтын адамзат 2080 жылдардың ортасына қарай 10,3 млрд-ұа жетіп, содан кейін азаяды. Сарапшылар бұл тарапта екі сценариді салыстырған екен. Біріншісінде роботтарды қарапайым зауыттар шығарады, онда негізгі жұмысты адамдар жасайды. Екінші сценариде гуманоидты машиналар өндірістік процеске тікелей қосылады - олар өздеріне ұқсас роботтарды құрастыратын болады, зауыттардың қуатын және өнім шығару жылдамдығын арттырады. Егер өндірістің мәні мен маңызы өзгермесе, 2100 жылға қарай планетада 4 млрд жуық адам тәрізді робот болады. Бұл ретте көрсетілген мерзімге қарай адамдар саны шамамен 10,2 млрд. Ардағы алшақтық елеулі күйінде қалмақ. Егер 2050 жылдан кейін роботтар жаңа машиналарды жинай бастаса, болжам өзгереді. Көп нәрсе андроидтардың өз өндірісін қаншалықты тиімді арттыра алатындығына байланысты. Модельде бұл теріс, бейтарап немесе оң кері байланыс ретінде сипатталады. Осы үш нұсқада роботтардың саны тиісінше 2100, 2090 және 2083 жылға қарай адамдардың санымен теңеседі. Егер 2050 жылдан кейін роботтар жаңа машиналарды құрастыруды бастаса, болжам өзгереді. Көп нәрсе андроидтардың өз өндірісін қаншалықты тиімді арттыра алатындығына байланысты. Моделде бұл теріс, бейтарап немесе оң кері байланыс ретінде сипатталады. Осы үш нұсқада роботтардың саны тиісінше 2100, 2090 және 2083 жылға қарай адамдардың санымен теңеседі. Гуманоидтардың жаппай өндірісі толығымен ресурс шектеуіне барып тіреледі. Мұндай миллиардтаған құрылғылар өндірісі энергияның, жартылай өткізгіш компоненттер мен металдардың орасан зор мөлшерін қажет етеді. Тіпті, ең автономды роботтар да инфрақұрылымға, инвестицияларға және өндірістік қуаттарға тәуелді болып қалады. Авторлардың айтуынша, өздерінің моделі планетаны «роботтандырудың» нақты мерзімін көрсетпейді. Ол мұндай сценари болуы мүмкін жағдайларды ғана анықтайды. Зерттеушілердің айтуынша, машиналардың сандық артықшылығы олардың экономикалық немесе әлеуметтік үстемдігін білдірмейді. Салыстырмалы түрде ат төбеліндей роботтар миллиардтаған адамнан артық пайдалы жұмыс істеуге қабілетті.

0 пікір
Мұрағат