Ұшатын бақаның бір түрі табылды (видео)
Ұшатын бақаның бір түрі табылды (видео)
3 сағат бұрын 120 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Биологтар Индонезияның Борнео маңындағы аралдан - Сулабесидегі Меконга тау жықпылынан ұшатын бақаның жаңа түрін тапты. Бұл туралы islam.kz порталы IFL Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Тропикалық ормандарды зерттеу кезінде ғалымдар теңіз деңгейінен шамамен 155 метр биіктікте орналасқан шағын Данау тау көлінен мыңдаған бақаларды тапты. Бұлар бұрын белгісіз болған ұшатын бақаның бір түрі болып шықты. Ең қызығы – олардың ұша алатындығында емес, басқада... Бір қарағанда, бұл амфибиялар таныс болып көрінді, десе де кейінірек ғалымдар ғылымға белгілі ұшатын бақалардың басқа түріне жататынын түсінді. Бақаның мына түрі жоспарлауға қабілетті келеді, сондай-ақ өз ұрпағына қатысты өзгеше мінезімен, құлқымен ерекшеленеді. Ғалымдар бұл бақаның Rhacophorus ұшатын бақалар тұқымының өкілі екенін анықтады. Зерттеу авторлары бұл амфибияны немесе қосмекенді тіршілік иесін «криптикалық» деп атайды: сырттай алғанда олар басқа ұшатын бақаларға ұқсайды, алайда, айтарлықтай айырмашылықтары бар. Бұл айырмашылық организм құрылымынан, генетикалық материалынан және жануарлардың мінез-құлқынан көрінеді. Rhacophorus өкілінің басқа азиялық ұшатын бақалардан басқа - репродуктивті (ұрпақ өрбіту) стратегиясыне ие. Бұл бақалар уылдырықты суда қалдырудың орнына желе тәріздес қалың массадағы өсімдіктерге орналастырады. Түр Rhacophorus kurniatiae деп Индонезияның амфибиялары мен рептилияларын зерттеуде табандылық танытқан Богор зоологиялық мұражайынан қайтыс болған герпетологы Хеллен Курниатидің құрметіне аталды.

0 пікір
Мұрағат