Қырғыздар исламды қабылдаған жергілікті орыстар мен кәрістерге Ұмраға жолдама сыйлады
Қырғыздар исламды қабылдаған жергілікті орыстар мен кәрістерге Ұмраға жолдама сыйлады
1 сағат бұрын 39 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда исламды қабылдаған 55 этникалық орыс пен 25 кәріске, яғни, бая-аяғы 80 адамға Бішкек мешітінде ұмраға жолдама берілді. Бұл жайында islam.kz порталы Тhe Іslamic Іnformation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасы тілін кәлимаға келтірген жергілікті өзге ұлт өкілдеріне ұмра (жылдың кез келген мезгілінде баруға болатын кіші қажылық) туристік пакетін тарту етіп, мәрттік танытты. Ел астанасы – Бішкек қаласының Имам Сарақшы атындағы бас мешітінде өткен осынау игі шараға SDMK туристік компаниясы қайырымдылық акциясымен атсалысты. Исламды қабылдаған өзге ұлт өкілдеріне мүфти орынбасары Рафайыл Татықов ақжол тілеп, батасын берді. Ал аталмыш туристік компания жетекшісі Мәдәлі Ойтеміров бұл шараның ұлтаралық татулықты нығайтуға бағытталғанын мәлімдеді.

80 новых мусульман в Бишкеке Подаренные поездки на умру 2

80 новых мусульман в Бишкеке — подаренные поездки на умру 3

0 пікір
Мұрағат