D-8 мүше елдер арасындағы шариғат талабына сай сауда-саттық үшін интеграцияланатын дәліз құрылуы мүмкін
D-8 мүше елдер арасындағы шариғат талабына сай сауда-саттық үшін интеграцияланатын дәліз құрылуы мүмкін
2 сағат бұрын 49 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дамушы елдердің экономикалық ынтымақтастық ұйымының (D-8) бас хатшысы, елші Сұхейіл Махмұд D-8 елдерінің шариғат талаптарына сай сауда-саттықтың және цифрлы халал сауда алаңы мен жаһандық халал экономикасының әлеуетін ашу үшін инвестициялық платформаның интеграцияланған дәлізін құруға және аталмыш ұйымның 2030 жылға дейін 500 миллиард доллар межесіне жетуге, яғни, D-8  ішкі сауда мақсатына қол жеткізуге үндеді. Бұл жайында islam.kz порталы nation.com.pk сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 12-ші бүкіл әлемдік халал саммитінің (WHS) және Halal Expo 2026-ның Istanbul Expo Center ашылу салтанатында сөз сөйлеген Сұхейіл Махмұд D-8 мүше елдер арасындағы тығыз сауда байланысы, инвестициялық әріптестік, цифрлық трансформация және халал стандарттарын үйлестіру арқылы анағұрлым тығыз экономикалық ынтымақтастықтың қажеттігін атап өтті. Қарашада 25-28 аралығына жоспарланған, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қолдауымен өтетін төрт күндік саммиттің тақырыбы «Тұрақты халал экономикасы: қалдықтарды жою, өсімді ынталандыру». Айтулы әрі алқалы шара мемлекеттік тұлғаларды, халықаралық ұйымдарды, халал сертификаттау органдарын, бизнес көшбасшыларды, ғалымдарды, салалық сарапшыларды және әлемнің түкпір-түкпірінен инвесторларды біріктірді. D-8 бас хатшысы халал экономикасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін үш негізгі басымдықты атап көрсетті: халал стандарттарын, сертификаттау жүйелерін және өзара тану тетіктерін нығайту; цифрлық трансформация, жасанды зерде, ресурсты тиімді жолмен пайдаланатын өндіріс және айналмалы экономика бойынша шешімдер арқылы халал құнын құрудың орнықты тізбектерін дамыту; сондай-ақ, бизнесті, әсіресе, шағын және орта кәсіпорындарды, жастар мен кәсіпкер әйелдерді қолдау үшін инвестицияларды және исламдық қаржыландыруды жұмылдыру маңыздылығына тоқталды. 

0 пікір
Мұрағат