Қартаю процесінің екі негізгі кезеңі аталды
Қартаю процесінің екі негізгі кезеңі аталды
2 сағат бұрын 45 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сарапшылардың айтуынша, біздің организіміз біркелкі қартаймайды. Ғалымдар қартаю процесі ерекше байқалатын екі негізгі жасты атады. Бұл жайында islam.kz порталы интернет ресурстарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адам өмірінде организм елеулі өзгерістерді бастан кешетін екі негізгі кезең бар. Біріншісі - зат алмасу процестерінің баяулауымен байланысты болса, ал екіншісі - организмнің қорғаныш функцияларының күрт төмендеуімен байланысты. Бұрын кәрілік ұғымын жас ұлғая келетін түрлі аурулармен, яғни, денсаулықтың біртіндеп төмендеуімен тығыз байланыстыратын - мұндай процесс 25 жастан басталады және өмір бойы біртіндеп жалғасады. Алайда, Стэнфорд университетінің медицина мектебінің білікті мамандары жүргізген зерттеу нәтижесі организмнің қартаю процесінің адам жасына қарай өзгерістердің толқын тәрізді және біркелкі жүрмейтіндігін көрсетті. Қартаюдың алғашқы толқыны шамамен 45 жылға тура келеді. Бұл кезеңде терінің, бұлшықет массасының және жүрек-қан тамыры жүйесінің жай-күйі едәуір нашарлайды. Метаболизмнің (зат алмасу процесінің) төмендеуінің басты белгілерінің бірі - организм майды, кофеинді, т.б. толық сіңірмейді немесе баяу өңдейді. Сондықтан адамдар тамақтану мен өмір салтындағы әдеттерін өзгертпей, кенеттен салмақ ала бастайды. Екінші толқын 65 жасқа тұспа-тұс келеді (кейде 60-тан 70 жасқа дейінгі аралықта). Бұл кезең иммундық қорғаныстың әлсіреуімен және бүйрек функциясының төмендеуімен қатар жүреді. Дәл осы жаста қарттардың көпшілігі жиі төсекк тартатын болады. 

0 пікір
Мұрағат