Климат өзгерісінен өсімдік әлемі қауіпті эволюциялық өзгеріске ұшырай бастады
Климат өзгерісінен өсімдік әлемі қауіпті эволюциялық өзгеріске ұшырай бастады
2 жыл бұрын 2535 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауа температурасы осы қарқынмен көтеріле беретін болса, көктем мезгілі ақпан айында келеді. Бұл өзгеріс өсімдік әлеміне жойқын соққы болып тимек. Бұл жайында islam.kz порталы  hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда бұл бағытта арнайы үргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, өсімдіктіктердің ккй түрлері климат дағдарысына байланысты жойылу алдында тұр – көбінесі жойылу қатері орташа есеппен алғанда өзгелеріне қарағанда бір ай бұрын гүлдейтін (бүр жаратын) өсімдіктерге төніп тұр. Ғалымдар өсімдіктердің жүздеген түріне қатысты 18 ғасырға жататын жазбаларды зерттеп, олардың ерте гүлдеу уақытын көрсететін тұжырымдарынан алаңдаушылық танытып отыр. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Ульфа Бантген есімді профессордың айтуынша, ерте бүршік жаратын өсімдіктердің кеш келетін үсіктен жойылып кетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Кембридж университетінің ғалымдары Ұлыбританиядағы ағаштар мен бұта-қарағанның, шөптесін өсімдіктердің 1753-1986 жылдармен салыстырғанда 1987-2019 жылдары аралығында бір ай ерте гүлдегенін алға тартып отыр. Өсімдіктердің ерте бүр жарған кезең жаһандық жылыну қарқын кезеңмен тұспа-тұс келіп отырғанын да алға тартуда. Кембридж географиясы департаментінің профессоры бұл арада ерте гүлдерді үсік шалудан жойылу қатерінен бұрын «экологиялық сәйкессіздіктен» туатын қаупі жоғары екенін жеткізді. Оның айтуынша, жәндіктер мен құстардың, өсімдіктердің, өзге де жануарлардың бірге эволюцияға ұшырағаны соншалық – олардың даму кезеңдері синхрондалған (үйлесім тапқан). Мұның қатері қандай? Белгілі бір өсімдік гүлдейді, гүлдеген өсімдікке жәндік үйір келеді, ал жәндікті қорек ететін құс та, құсты жемтік ететін жыртқыш та – қысқасы, бірінің тірлігі екіншісімен байланысып жатыр: осылардың арасында біреуі неғұрлым ертерек тірлігіне кіріссе (мәселен, өсімдік ерте гүлдесе, мұндай өзгеріске бейімделе алмаған жәндік үлгермеуі мүмкін немесе жәндік ерте оянғанымен құс кеш ұшып келуі мүмкін, т.б.), биологиялық түрлердің жойылу қатері күрт артады

Ұқсас материалдар:

«Климат өзгерісі Орта Азия мен Қазақстандағы өсімдіктердің вегетациялық кезеңін тездетуде» (https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-orta-aziya-men-qazaqstandagy-osimdikterdin-vegetatsiyalyq-kezenin-tezdetude-16399/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-orta-aziya-men-qazaqstandagy-osimdikterdin-vegetatsiyalyq-kezenin-tezdetude-16399/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылыну адамзатты «алтын күз» кезеңінен айырады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jahandyq-jylynu-adamzatty-altyn-kuz-kezeninen-aiyrady-14469/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылыну экологиялық жүйені 70%-ға өзгертеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-jylynu-ekologiyalyq-juieni-70-ga-ozgertedi-14799/#gsc.tab=0);

"Климат өзгерісі мен азық-түлікке сұраныс биологиялық түрлердің тіршілік ету ортасын 80 жылдың ішінде 23%-ға тарылтады" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-men-azyq-tulikke-suranys-biologiyalyq-turlerdin-tirshilik-etu-ortasyn-80-jyldyn-ishinde-23-ga-taryltady-14378/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктірдің аптап ыстыққа төтеп беруіне көмектесетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktirdin-aptap-ystyqqa-totep-beruine-komektesetin-bakteriya-tabyldy-15017/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылыққа төзімді ету үшін өсімдіктердің метаболизмін өзгертпек» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyqqa-tozimdi-etu-ushin-osimdikterdin-metabolizmin-ozgertpek-14307/#gsc.tab=0);

«Күріш революциясы» (https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-revolyutsiyasy-11122/#gsc.tab=0);

«Аптап ыстыққа төзімді бидай шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/aptap-ystyqqa-tozimdi-bidai-shygaryldy-13540/#gsc.tab=0); 

«Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bidaidan-gori-jahandyq-jylynuga-totep-beretin-astyqty-osimdik-14713/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктің суды үнемдеуіне мүмкіндік беретін тың тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-sudy-unemdeuine-mumkindik-beretin-tyn-tasil-tabyldy-15051/#gsc.tab=0);

«Өсімдік жаһандық жылынуды тежейді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdik-jahandyq-jylynudy-tejeidi-16208/#gsc.tab=0);

«Ағаш неғұрлым көп отырғызылса, жаңбырдың да соғұрлым көбірек жауатыны белгілі болды» (https://www.islam.kz/kk/news/arturli/agash-negurlym-kop-otyrgyzylsa-janbyrdyn-da-sogurlym-kobirek-jauatyny-belgili-boldy-15484/#gsc.tab=0);

«Орман жердегі ауа температурасын 15%-ға салқындатады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/orman-jerdegi-aua-temperaturasyn-15-ga-salqyndatady-15596/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылынумен табиғаттың өзі күреседі – бұлтты ағартатын орман» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jahandyq-jylynumen-tabigattyn-ozi-kuresedi-bultty-agartatyn-orman-15825/#gsc.tab=0);  

«Жаһандық жылынудың экологиялық жүйеге әскері қандай?» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jahandyq-jylynudyn-ekologiyalyq-juiege-askeri-qandai-8515/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат