Климат өзгерісі мен азық-түлікке сұраныс биологиялық түрлердің тіршілік ету ортасын 80 жылдың ішінде 23%-ға тарылтады
Климат өзгерісі мен азық-түлікке сұраныс биологиялық түрлердің тіршілік ету ортасын 80 жылдың ішінде 23%-ға тарылтады
4 жыл бұрын 3430 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, сүтқоректілер мен құстардың және қос құрлықты мекендеушілердің тіршілік ету ареалы тың жерді игеру мен климат өзгерісінің салдарынан осы уақытқа дейін орташа есеппен алғанда 18%-ға тарылған. Ғалымдардың топшылауынша, бұл көрсеткіш 2100 жылға дейін 23%-ға артпақ. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі осы тақырыпқа қатысты зерттеу материалы жариялаған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемге әйгілі Кембридж университетінің ғалымдары 1700 жылдан бастап осы күнгі дейінгі 16 919 түрдің географиялық ареалындағы өзгерістерді талдап, сараптаған екен.  Бұған қоса, бұл мәліметтер 2100 жылға дейін орын алуы ықтимал 16 түрлі климаттық және әлеуметтік-экономикалық сценарилер бойынша өрбуі мүмкін өзгерістерді болжауда да пайдаланды. Өздеріңіз білесіздер, түрлердің әралуандылығы экологиялық жүйеде маңызды қызмет атқарады – зиянкестермен күресуден бастап, көміртекті сақтауға дейінгі функцияны орындайды. Әдетте қандай да бір биологиялық түрдің жойылуына оның тіршілік ету ортасының тарылуы қатты әсер етеді. Оларды сақтап қалу үшін тиімді стратегиялық шешімдер мен шаралар кешені қабылдануы тиіс. Бұл кезек күттірмейтін күн тәртібінде өткір тұрған мәселелердің біріне айналған. Әсіресе, тропикалық аймақтарда түрлердің ареалы көп кеміп жатыр. Мәселен, оңтүстік-шығыс Азия мен Оңтүстік Америкадағы тропикалық орман-тоғай аяусыз оталып жатыр. Экономикалық түрлі мақсатта. Соның ішінде пальма майы мен жайылым жер үшін оталып жатыр. Бұдан бөлек, климат өзгерісі түрлердің тіршілік ету ортасына, яғни, географиялық ареалына көп әсерін тигізіп жатыр. Әсіресе, температураның көтерілуінен орын алып отырған құрғақшылық пен тасқын-селден, сондай-ақ, жауын-шашынның мол түсуінен кей түрлер өздерінің тіршілік ету ортасынан ауа көшуге мәжбүр болуда.

0 пікір
Мұрағат