Аптап ыстыққа төзімді бидай шығарылды
Аптап ыстыққа төзімді бидай шығарылды
4 жыл бұрын 3761 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ланкастер университеті ғалымдарының бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі The Plant Journal мерзімді басылымында жарияланды. Жылыжайдағы «ақылды» термостат желдеткішке күн батқан соң, яғни, қараңғы түсе тоқтауына пәрмен береді. Энергияны үнемдеу үшін. Осыған ұқсас процесс өсімдікте де кездеседі. Ол Rubisco немесе RCA деп аталады. Оның активациясы ымыртта, яғни, көз байлана бастаған шақта өсімдіктің өсуіне жауапты энергияны үнемдеуді ескертіп, өсімдік ферментіне "хабарлайды". Таяуда жүргізілген зерттеу барысында белгілі болғандай, ғалымдар RCA-ны ерте белсендіру тәсілін тапты. Бұл жаңалық өз кезегінде егістікті күйп кетуден сақтаудан, яғни, жоғары температураның теріс әсерінен қорғауға септігін тигізеді. Былайша айтқанда, RCA-да күн сәулесі пайда болғанда қосылуға, ал қараңғылық түскенде сөнуге команда беретін фотосинтез процесін реттейтін фермент бар.  Табиғатта кездесетін Rca 1β бидай сорты ауа температурасы 39 °C-қа дейін көтерілгенше  өсе беруіне мүмкіндік беретін изолейцин аминоқышқылына ие. Алайда, ол Rubisco белсендіру тетігінен ада. Ал Rca 2β бидайы ауа температурасы 30 °C-қа дейін өседі, соған қарамастан энергияны үнемдеу режимінің белсендіру тетігіне ие. Ғалымдар бидай секілді метионин мен изолейцин аминоқышқылына ие E.coli ішек таяқшасының штаммына тәжірибе жүргізіп көрген екен. Нәтижесінде ауа температурасы 35 °C-қа көтерілгенше өсе беретін, сонымен қатар, Rubisco тетігіне ие Rca 2β бидайының жаңа нұсқасы алынды. Африка құрлығындағы аптап ыстықта өсетін астықты алқаптар мен аймақтардағы бидай әдетте ауа температурасы 22-28 аралығындағы градуста өседі. Rubisco тетігін мейлінше тиімді әрекетке көшіре алсақ, жоғары температурада да астықтың мол түсіміне қол жеткізуге болатынын алға тартып отыр аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Элизабет Кармо-Сильва.

0 пікір
Мұрағат