Климат өзгерісі Орта Азия мен Қазақстандағы өсімдіктердің вегетациялық кезеңін тездетуде
Климат өзгерісі  Орта Азия мен Қазақстандағы өсімдіктердің вегетациялық кезеңін тездетуде
2 жыл бұрын 2584 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынудан соңғы жылдары өсімдіктердің вегенациялық кезеңі(вегетация; от лат. vegetatio — тірілу, яғни, өсімдіктердің өсіп-өнуіне қолайлы кезең) тез басталатын болып жүр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Қытайдағы Нанкин ақпараттық ғылым және технология университеті ғалымламдарының дерегіне жөн сілтеген Science of the Total Environment мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымдары 2000-2019 жылдар аралығындағы Орта Азия аумағындағы өсімдіктер туралы мәлімет жинаған екен. Бұл уақыт аралығы жаһандық жылынудың қарқын алған кезеңімен тұспа-тұс келген. Бұдан бөлек, ғалымдар спутник көмегімен алынған жергілікті өсімдіктердің өсіп-өнуіне қатысты деректермен, сондай-ақ, топырақ сынамасымен салыстырып көрген. Нәтижесінде өсімдіктердің ерте бүр жарып, ерте солғаны белгілі болды. Соның ішінде, Тиан-Шиан тау сілемдеріндегі вегетация бір тәулік ерте басталып, бұл кезең 3,7 к.н ерте аяқталған. Тек 2019 жылдың өзінде бақыланған аумақтың 73 пайызынан астамында вегетациялық кезең орта есеппен 0,89 күнге қысқарған. Бұл тенденция, әсіресе, еліміздің (Қазақстанның) орталық және батыс бөліктерінде, сондай-ақ, Сырдария өзенінің арнасында және Тарым (Қытайдың Шыңжан өлкесінде ағатын өзен) арнасында қатты байқалған. Аталған аймақ жауын-шашыннан емдік көрмеген, тіпті, Тарымда мөлшерден артығымен түскен. Ең қызығы, бұрын вегетация жауын-шашын мол түскен жылдары тез аяқталатын. Осындай факторды ескерген ғалымдар мынадай тұжырымға келіп отыр: өсімдік вегетациясында ауа температурасы емес, жауын-шашын мөлшері негізгі рөл ойнайды. Шақырымға шаққанда тау биітеген сайын вегетациялық кезең орта есеппен 11,7 күнге қысқарды, ал ең көп қысқару Солтүстік Қазақстанда (бір шақырымға шаққанда - 50,7 күн) байқалған. Бұл зерттеуде тек жабайы өсімдіктер ғана қарастырылған, мұндай өзгеріс ауыл шаруашылық өсімдіктерінде де көп ұзамай орын алады. Бұл жайт өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

0 пікір
Мұрағат