Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік
Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік
4 жыл бұрын 7632 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынудың саларынан орын алып отырған климат өзгерісіне, құрғақшылық пен аптап ыстыққа төзімді өсімдіктер болашақта адамзат тұтынатын азық түрлеріне айналады. Ал бидай секілді адамзат тұтынатын негізгі азықтар мен астық түрлері әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы зерттеу материалы жарияланған Frontiers in Plant Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осындай себермен ғалымдар құрғақшылыққа төтеп беретін, аптап ыстыққа төзімді астықты өсімдіктерге айрықша назар аударып отыр. Сондай өсімдіктердің бірі – африкалық тары, яғни, Африка құрлығында өсіп-өнетін дақыл. Вена университетінің ғалымы Вольфрам Векверт жетекшілік ететін халықаралық ғалымдар тобы бидай мен інжу тарының физиологиялық әрі молекулярлы анализін жасады. Інжу тарысы (Cenchrus americanus) африкалық тары деген атпен, Pennisetum glaucum ретінде кеңінен танымал, 3-4 метрге жетеді, ал тамыры 3,6 метр тереңдікке дейін бойлайды, тамырының 80%-ы 10 сантиметрден ары тереңдікте жатады. Диаметрі 5 мм-ге жететін 1000-нан 3000-ға дейін ақ, сары, қызыл және қара дәндері болады. Аталмыш өсімдік 4900 жылдан бері өсіріліп келеді. Тұтынатын азық ретінде Араб түбегінен Үндістан мен Бирмаға тарады, бүгінде аталған елдерде теңіз деңгейінен 800-1800 биіктікте өсіріледі. Африкалық тарының бидайға қарағанда басқа да артықшылықтары бар, атап айтқанда, оның құрамында цинк пен темір молынан кездеседі. Вольфрам Векверт аталған өсімдіктің жылу стресіне төзімділігін өзінің молекулярлы зертханасында (MOSYS) Овьед универистетінің (Испания),  Словения ұлттық биология институтының, Иранның IROST, Үндістанның  ICRISAT ғалымдарымен бірге зерделеді.

Pearl millet (Pennisetum glaucum), grain | Feedipedia

0 пікір
Мұрағат