Жаһандық жылыну экологиялық жүйені 70%-ға өзгертеді
Жаһандық жылыну экологиялық жүйені 70%-ға өзгертеді
3 жыл бұрын 3845 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылыну салдарының қандай болатынын білу үшін ғалымдар атмосферадағы температураның көтерілуі өсімдіктерге қалай әсер етенінін зерделеп көрген екен. Ғалымдардың тұжырымы көңіл көншітпейді: планета дам танығысыз өзгеруі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы ауқымды зерттеуге әлемнің 39 ғылыми орталығының 42 ғалымы қатысты. Теорияның шындығына көз жеткізу үшін тәжірибе жүргізіледі. Климат өзгерісінің өзі бұл бағытта арнайы тәжірибені қажет етпейтін өзгерістердің қандай болатынын көрсетіп беріп отыр. Ғалымдар жаһандық жылынудың әсерінен орын алған флора өзгерісіне қатысты деректерді сараптап көрген екен. Бұл мақсатта Антарктидан басқа барлық құрлықтан, яғни, әлемнің әр түкпірінен, дәлірегі, жердің 594 нүктесінен қазба үлгілері пайдаланылды. Ғалымдар ең алдымен топырақтан тасқа айналған «мүсіндерді» зерделеді. Шаң мен тозаңды желдің алысқа апарып тастайтынын де ескерді. Яғни, қандай да бір аймақтан алынған үлгі ауқымды аймақтың флорасы туралы талай ақпарат бере алады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Австралия ұлттық университетінің ғалымы Жәнел Стибенсонның (Janelle Stevenson) айтуынша, бұл зерттеуде пайдаланылған палеэкологиялық мәліметтерді табиғи тәжірибенің нәтижесі ретінде қарастыруға болады – экологиялық жүйенің түрлі факторларға танытқан реакциясы болғандықтан. Бұл зерттеу нәтижесі бойынша зерттелген аймақтың 2%-ның көзге көрінеу флорасының құрамы мұз дәуірінен кейінгі жылыну кезінде аз өзгеріске ұшыраған, 27%-да – қалыпты, ал 70%-да қатты өзгеріске ұшыраған. Яғни, адамзат адамзат осыншалықты ауқымда климат өзгерісін бастан кешірсе, онда осы күнгі экологиялық жүйесінің 70%-дан астамы өзгереді. Әлбетте, адамзат жаһандық жылынуға қарсы төтеп беру үшін түрлі ғылыми жобаларды қолға алып жатыр. Соныпң ішінде құрғақшылық пен аңызақтан және тасқын-селден болатын азық-түлік тапшылығының алдын алу үшін құрғақшылыққа төзімді өсімдік түрлерін іздестіріп жатыр. Бұдан бөлек, ауадан су алу жолдарын қарастырып жатыр.

Ұқсас материалдар: 

"Жаһандық жылыну адамзатты «алтын күз» кезеңінен айырады" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/jahandyq-jylynu-adamzatty-altyn-kuz-kezeninen-aiyrady-14469/#gsc.tab=0);

"Жаһандық жылыну қаупін алғаш кімдер білген?" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/jahandyq-jylynu-qaupin-algash-kimder-bilgen-12774/#gsc.tab=0);

"80 жылдан соң мұсылмандар қажылығын өтей алмауы мүмкін"

"Климат өзгерісі бір және көп жасушалы организмдер генін мутацияға ұшыратады" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/klimat-ozgerisi-bir-jane-kop-jasushaly-organizmder-genin-mutatsiyaga-ushyratady-14774/#gsc.tab=0);

"Климат өзгерісі мен азық-түлікке сұраныс биологиялық түрлердің тіршілік ету ортасын 80 жылдың ішінде 23%-ға тарылтады" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-men-azyq-tulikke-suranys-biologiyalyq-turlerdin-tirshilik-etu-ortasyn-80-jyldyn-ishinde-23-ga-taryltady-14378/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат