Жаһандық жылыну адамзатты «алтын күз» кезеңінен айырады
Жаһандық жылыну адамзатты «алтын күз» кезеңінен айырады
3 жыл бұрын 4056 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар осы уақытқа дейін жаһандық жылынудың әсерінен күздің жайма-шуақ күндері ұзаққа созылады деп есептеп келген еді. Алайда, жыл мезгілдерін ұзақ бақылаудың нәтижесінде бұл ойынан бас тартуына тура келді. Соңғы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, осы ғасырдың аяғына таман ағаш жапырақтары сарыға, қызылға боялатын «алтын күздің» ғұмыры бір аптадан аспайтыны белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы popmech.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Швейцарияның Цюрих жоғары техникалық мектебінің ғалымдары алты ағаш түрінің  күзгі жапырақтарының үзілуіне қатысты 1948-2015 жылдар аралығындағы дерегін зерделей келе өз тұжырымын жасаған еді. Олардың пайымдауынша, ағаштардың көктемгі және күзгі вегетациялық кезеңдерінің (өсімдіктердің өсіп-өнуі мен даму мерзімі) артуына атмосферада көмірқышқыл газының артуы, жарықтың молаюы, ауа температурасының көтерілуі өз әсерін тигізіп, соның нәтижесінде жапырақтардың ерте үзілуіне себеп болып отыр. Ғалымдар бұл процесті ағаштың діңі мен тамырының жапырақ сіңірген көміртекті сақтауды қоятындығымен байланыстырып түсіндіреді. Осыған байланысты жапырақтар солып, сарғая бастайды. Осы сараптамадан кейін ғалымдар болашақты болжауға көмектесетін модел жасауға кіріседі. Осы мақсатта олар екі тәжірибе жүргізіп көреді: біріншісінде бүгінгі CO2 деңгейіндегі арнайы камерадағы ағашты CO2 деңгейі екі есе арттылған өзге камерадағы ағашпен салыстырған болатын. Ал екінші сынақта көлеңкенің екі камераға әсерін зерделеген еді. Нәтижесінде 2100 жылға қарай көміртек деңгейі жоғары болса, жайма-шуақ күзден вегетациялық кезең ұзаққа созылатыны әрі жапырақтар бүнігіге қарағанда 6 күн ерте түсетіні белгілі болды.

0 пікір
Мұрағат