ГМО өсімдік климат дағдарысынан құтқарады
ГМО өсімдік климат дағдарысынан құтқарады
2 жыл бұрын 2614 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адамзат қарасының көбеюіне әрі жаһандық жылыну салдарына байланысты азық-түлік дағдарысының алдын алу үшін түрлі тәжірибелер жүргізіп келеді. Әлемнің кей елдерінде, соның ішінде, Еуропада тыйым салынған ГМО өнімдерін насихаттау бағытында, ішінара алғанда адамзат бетпе-бет келіп отырған климат дағдарысымен күрестегі ГМО-ның артықшылықтарын таныту үшін тынбай еңбек етіп еледі. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың айтуынща, генетикалық тұрғыдан түрлендірілген өсімдіктер, соның ішінде кеңінен өсірілетін жүгері мен соя өндірісі климат дағдарысынан құтқара алады. Бұл тарапта әлемде ГМО өнімдеріне қатысты қалыптасқан көзқарасқа тойтарыс беріп, қоғамның мойындауы мен саяси ерік-жігер қалыптастыруды алдарына мақсат етіп қойғандарын жеткізді. Олар өз еңбектерінде ғаламдық ауыл шаруашылық деретерін пайдалана отырып, ГМО өсімдіктерінің түсімін бағалады – Еуроодақ аумағында аталмыш технологияны кеңінен енгізудің жер шаруашылығы мен парникті газдың бөлінуіне қалай әсер ететінін анықтау мақсатында. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесінде ГМО өсімдігін пайдалануды ұлғайтудың өз кезегінде ЕО-да атмосфераға 33 млн тонна көмірқышқыл газының бөлінуінің алдын алуға мүмкіндік беретіні анықталды. Дәлірегі, жыл сайын кәрі құрлықта атмосфераға ауыл шаруашылығы саласынан бөлінетін парникті газдың жыл сайынғы мөлшерін 7,5%-ға азайтатын болып шықты. Әлем бойынша атмосфераға бөлінетін барлық парникті газдың шамамен 25%-ы ауыл шаруашылығына тиесілі. Дәлірегі, бұл тарапта мал шаруашылығы мен тыңайтқыштан бөлінетін парникті газдың үлесі мол. Бұдан бөлек, орман-тоғайды егістікке айналдыру үшін отап, тың жерлерді игеруден атмосфераға бөлінетін парникті газдың да мөлшері жоғары. 

0 пікір
Мұрағат