|
Келесі жылы қажылық сапары қымбаттауы мүмкін
|
Келесі жылы, дәлірегі, 2018 жылы қажылық сапары қымбаттауы әбден мүмкін. Бұл жайында marwa.ru ақпарат көзі хабар таратты. Қажылық сапарының қымбаттауына саудиялық компаниялар ұсынатын қызмет түрлері ақысының көтерілуі себеп болмақ. Нақтырақ айтқанда, "Мәдина-Мекке-Машаир-Жидда" бағытында қатынайтын көліктердің көрсететін қызмет ақысы көтеріледі. Бұған қоса, Мина жазығы мен Арафат тауы етегіндегі палаткаларға жайғастыру ақысы да өспек. Сонымен қатар, құрбан шалғысы келетін қажылардан 170 доллар мөлшерінде арнайы ақы алынады. Құрбандыққа ақша шығарғысы келмегендер виза ала алмайды. Алдын-ала алынған мәліметке қарағанда, қасиетті сапар ақысы 2600 доллардан 3400 долларға дейін көтерілмек. Түпкілікті шешім мен бағасы кейінірек белгілі болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі қызметкерлерін жұма намазына жібермейтін жұмыс берушілердің мәселесін «май шаммен» қарайтынын болды
■
Ұшатын бақаның бір түрі табылды (видео)
■
Пластик пен химиялық заттардың бір-бірінің зиянды жақтарын күшейте түсетіні анықталды
■
Технология адам ғұмырын 1000 жылдан аса ұзартуы мүмкін
■
Азия елі қылмыстық атқару жүйесін реформалайды: өлім жазасы қолданылатын қылмыс түрлерін азайтады