|
Полицияға мешітті жабу құзыреті берілмек
|
Францияда 2015 жылы бірінен кейін бірі болған терактілерден соң енгізілген төтенше жағдай режимі қараш айының бірінен бастап өз күшін жойды. Оның орнына полицияның құзыретін айтарлықтай кеңітетін терроризмге қарсы жаңа заң қолданысқа енеді. Яғни, бұдан былай террористермен күресті желеу етіп, мешітті жабу құқығын полицияға бермек. Француз билігі асыра сілтеп отыр. Ендігі жерде француз полициясы діни ұйымдарды арнайы органның рұқсатынсыз өз еркімен тінте, тексере, жаба алатын болады. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың қараша айының 13-і күні терактілердің салдарынан 130 адам қаза тауып, 350-ден аса адам жарақат алған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды