Жасанды интеллекті адамды алмастыратын күн жақын
Жасанды интеллекті адамды алмастыратын күн жақын
6 жыл бұрын 4177 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жасанды интеллекті адамды енді бір он-он бес жылдан соң алмастыра бастайды. Роботтағы мәліметтерді өңдейтін оператор ауысқан кезде. Бұл жайында перспектикалық (келешегі бар) зерттеулер қорының ақпараттық зерттеу бағытының жетекшісі Сергей Гарбук мәлім етті. "Қолданбалы жасанды интеллектіні жасау міндетін шешкенде біз ең алдымен эволюция процесінде қалыптасатын және ғұмыр бой жетілетін табиғи қабілеттерін пайдалану арқылы ақпаратты сүзгіден өткізетін адам-операторды техникалық жүйе алмастыратын кезді айтып отырмыз",- деді ол сөзін сабақтап. Ғалымның айтуынша, кез келген тапсырманы шешуде адамнан қалыспайтын жасанды интеллекті жүйесі бүгіннің өзінде жасалып қойған. Мәселен, адамның түр-әлпетін, даусын тану, т.б. Ал Германиядағы Пассау университетіндегі күрделі жасанды жүйе кафедрасының меңгерушісі Бьорн Шуллердің сөзіне қарағанда, жасанды интеллекті 10 жылдан соң өлең жазып, поэзияда адамнан асып түседі. Біле білгенге, бұл - адамзат өмірінде төңкеріс жасайтын жаңалық. Бұл жаңалыққа адамзат дайын ба? Бұл енді басқа тақырып.

0 пікір
Мұрағат