Виртуалды кеңістіктегі қылмыс бой бермей барады
Виртуалды кеңістіктегі қылмыс бой бермей барады
6 жыл бұрын 4170 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы дүйсенбіде Жапония астанасында кибер қылмысқа қарсы бірыңай күрес орталығы ашылды. Жаңа құрылымда құрамына арнайы жасаққа бергісіз 500 тергеуші мен сарапшы кіретін тұтас бір команда жұмыс істейді. Ол Токио қаласының полиция басқармасына қарайды. Бұл жайында Kyodo ақпарат көзі хабар таратты. Виртуалды кеңістіктегі қылмыстарға қарсы күресетін мамандар күншығыс елінің түрлі полиция бөлімшелерінде және қауіпсіздікке жауапты арнайы жасақ құрамында жұмыс істейтін. Соңғы уақытта электронды технологияда пайда болған, күннен күнге бой бермей жатқан, кеңінен етек алған осы заманғы қылмыс түрімен күресті тиімді ету әрі белсенді жүргізу үшін мамандарды бір орталыққа шоғырландырды. Мәселен, өткен жылдың өзінде күншығыс елінде компютьерден 3 млн ақпарат ұрланған, соның ішінде, несие картасындағы құпия мәліметтерді ұрлау қылмысы артып кеткен. Бұл қылмыста жолы болған хакерлер 17,6 млрд иенді ($166 млн) қалтасына басқан. Ал бұл көрсеткіш оның алдындағы 2016 жылы екі есе аз тіркелген еді. Өткен жылы хакерлер елдегі 82 ұйымның компьютерлік жүйсі бұзып кіруге талпынған. Жалғыз Жапония ғана емес, сонымен қатар, әлемнің көптеген елінде кибер қылмыс әдеттегі жайтқа айналып отыр. Кейбір елдерде хакерлерге қарсы қылмыстық жауапкершілік қарастырылған заңды да қабылдап қойған. Мәселен, Ресей Федерациясы, Германия, т.б. Кибер қылмыстан келетін шығын ең ірі табиғи апаттан болатын шығынмен бірдей әлем бойынша: 53 млрд доллар немесе одан да жоғары. Тұтас бір мемлекетті сазға отырғызып, іргесін шайқайтын қауіпті сипат алып барады. Сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта виртуалды кеңістіктегі қылмыс артпаса, кемімейді. Бұл қылмыстың тағы бір ерекшелігі есірткі мен заңсыз қару-жарақ саудасы секілді шекараны мойындамайды. Өзге елдің хакері келесі елдің қауіпсіздігіне қатер төндіре алатын мүмкіндікке ие.

0 пікір
Мұрағат