Жыланның жаңа түрі табылды
Жыланның жаңа түрі табылды
11 күн бұрын 2125 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Elaphe тобына жататын жыланның жаңа түрі табылды. Қытайдың солтүстік-батысында орын тепкен Шенси провинциясы аумағындағы Синлин тау сілемдерінен. Бұл жайында islam.kz порталы 新華社 (Синхуа) ақпарат агенттігіне және аталмыш зерттеу материалы жарияланған ZooKeys мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар морфологиялық және остеологиялық белгілеріне, сондай-ақ, молекулярлы филогенетикалық сараптамасына қарап, жаңа жылан түрі табылғанынан көз жеткізген. Оны Elaphe xiphodonta деп атады. Бауырымен жорғалаушынының бұл жаңа түрі Синпиншан тау бөктерінен колубридтің жаңа түрін жинап жүргенде тапқан. Мұқият жүргізілген морфологиялық зерттеу мен молекулярлы сараптама нәтижесінде оның Elaphe тобынан тыс бөлек дамып-жетілген түр екені белгілі болды. Омыртқалылар мен палеоантропологияның палеонтология институтының өкілі Ши Сзинсуннің айтуынша, ол улы болып келеді. Elaphe xiphodonta-ның біреуі қазіргі уақытта Гуанжоудағы Сун Иатсен университетінің қабырғасында сақтаулы тұр.

0 пікір
Мұрағат