Экологиялық білінбейтін апат адамзатты құрдымнан бір-ақ шығарады
Экологиялық білінбейтін апат адамзатты құрдымнан бір-ақ шығарады
7 жыл бұрын 4179 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германия, Нидерланды және Ұлыбритания ғалымдары Германия аумағындағы қанатты жәндіктердің үштен бірі жоғалып кеткенін анықтады. (Жақсылықтың нышаны емес). Бұл өз кезегінде күллі жер планетасына сөзсіз қауіп төндіретін апат. Өйткені, қанатты жәндіктер өсімдіктердің өсіп-өнуіне себепкер болатын бірден-бір тіршілік иесі. Экологиялық дабыл қаққан ғалымдардың осы тақырыптағы зерттеу нәтижесі Plos One мерзімді басылымында жарық көрген. 1989 жылдан бері Германияның 63 ауданында ғалымдар арнайы аулау құралының көмегімен 1,5 мыңнан аса жәндіктерді жинаған екен. Тәжірибе жүргізілген 27 жылдың ішінде барлық ауланған жәндіктердің қарасы 76%-ға азайып кеткен. Ғалымдар жәндіктердің азаюына адамдар себеп болып отырғандығын алға тартып отыр. Нақтырақ айтқанда, жәндіктердің табиғи тіршілік ету ортасын түрлі тыңайтқыштармен, соның ішінде, пестицидпен ластап, улап тастаған. Сондай-ақ, жаһандық жылыну да жәндіктердің жойылуына себепкер болып отыр. 

0 пікір
Мұрағат