Ауған әйелдері неге сауатсыз?
Ауған әйелдері неге сауатсыз?
7 жыл бұрын 3508 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Аса беделді «Human Rights Watch» халықаралық құқық қорғау ұйымы жүргізген зерттеу нәтижесіне қарағанда, ауған қыз балаларының шамамен 70%-ы мектеп табалдырығын аттамаған. Аталмыш ұйым сарапшылары келтірген мәліметі бойынша ауған әйелдерінің заман талабына сай білім алу мәселесі күрделі күйінде қалып қойған. Бүгінгі таңда Ауғанстанда 3,5 млн бала мектепке бармайды. Олардың 85%-нан астамы қыз балалар. Ауған жасөспірім қыздардың тек 37%-ы ғана хат таныса, ұл балалар арасында бұл көрсеткіш - 66%. Аталған ұйым сарапшылары жасаған баяндамада айтылғандай, бұл елде қыз балалардың білім алуына экономиканың тұрақсыздығы мен соғыс, сондай-ақ, "әйел адам отбасы, ошақ қасынан ұзап шықпауы тиіс" дейтін керітартпа ұғым бұл елдегі әйелдердің қарапайым оқып-жазу игілігінен мақұрым қалдырып отыр. 

0 пікір
Мұрағат